Күлмеңіздер кәріге
Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған айтады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды, балаларыңды тыйып қой!» – деп. Әкесі балаларына ұрсады, балалары мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз күн өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бейшара шалды тағы да келемеж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүрер болсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді маған да күлер деп қорқамын».
Балалары ұялғанынан қызарып, сонан кейін кәрі кісілерге күлмейтін болыпты.