ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨЛЕМДІ БЕЙНЕСІН ЖАСАЙМЫЗ

   Жануарлар – жанды табиғаттың бір бөлігі. Сен аңдар мен құстарды қарындаш және бояулармен салдың, аппликация, коллаж, монотипия жасадың. Бүгін жануарлардың көлемді бейнелерін полимер балшығынан немесе ермексаздан мүсіндейсің.

Егер сен мына бөліктерді жасасаң, кез келген жануарды мүсіндей аласың:

1) дөңгелек немесе сопақ басын;
2) қияр тәрізді ұзын не сопақ денесін;
3) төрт аяғын (егер жылқыны мүсіндейтін болсаң ұзынырақ, ал кірпінің аяғын қысқа етіп мүсіндейсің);
4) мойнын (керіктің мойны тәрізді ұзын немесе сусиырдың мойнындай қысқа болады);
5) жеке бөліктері (құлағы, көзі, мұрны, құйрығы, терісінің жолақтары мен дақтары) арқылы жануарларды бір-бірінен ажырата аламыз.

КЕРІКТІ МҮСІНДЕЙМІЗ

    Мына керікке қарап, бөліктердің барлығын бір жерге қалайжинауға болатынын білесің. Басын мойнына тісшұқығышпен бекіткен дұрыс. Аяғы нық тұруы үшін сым өткізуіңе болады. Керіктің бейнесі дайын болғанда, ұсақ бөліктерін (көзін, құлағын, құйрығын) қосып жаса. Дақтарын жапсыруды ұмытпа.

ТАУЫС ҚҰСЫН МҮСІНДЕЙМІЗ

Құсты мүсіндеу үшін мына бөліктерді жасау керек:
1) дөңгелек басын;
2) денесін (мандариннің бір бөлігіне ұқсас);
3) екі аяғын;
4) құйрығы мен екі қанатын

   Тісшұқығышпен барлық бөліктерін біріктір. Қосымша ұсақ бөліктерін, яғни көзін, тұмсығын, айдарын мүсінде. Құстың қанаты мен құйрығын өрнектермен әшекейле.

×
×

Корзина