Тұрақты сөз тіркестері

· Сөз тіркестерінен тұрақты сөз тіркестерін ажыратуды және мәтіннен табуды үйренемін.
· Тұрақты сөз тіркестерін ажырата аламын және олардың мағынасын түсінемін.
· Тұрақты тіркестерді сөйлеу барысында қолдануға жаттығамын.

7. Екі бағандағы сөз тіркестерін оқы.

шарды үрледі

бүйрегі ауырды

қой аузындағы шөп

шашы қобырады

ала жіп алды

үріп ауызға салғандай

бүйрегі бұрды

қой аузынан шөп алмас

төбе шашы тік тұрды

ешкімнің ала жібін аттамайды

  Бағанның сол жағындағы сөз тіркестері не туралы? Оң жақтағы сөз тіркестері ше?
  – Мен оң жақтағы сөз тіркестерінің мағынасын білмей отырмын. Мәселен, маған «шарды үрледі» тіркесі түсінікті болғанымен, «үріп ауызға салғандай» дейтін тіркестің қандай мағына беретіні түсініксіз.
  – Үш сөздің тіркесуі арқылы жасалған үріп ауызға салғандай «сұлу, әдемі» деген мағынаны береді. Оларды тұрақты сөз тіркестері деп атайды.
  Бағанның оң жағындағы сөз тіркестерінің беретін мағыналарын төмендегі кестеден байқауға болады.

8. Сөйлемдерді оқы.

  1. Ерланға оның жаны ашыды. 2. Көз ұшында қарайып біреу көрінді. 3. Айдос әңгімеге құлақ қойған жоқ.
Қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесің?
Тұрақты сөз тіркестерін «аяды», «алыста», «тыңдамады» сөздерімен алмастырып айтып көр. Не байқадың?
Қай нұсқадағы сөздер ойымызды көркемдеп, әсерлі жеткізуге қатысты?

  Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесін тұрақты сөз тіркесі деп атайды: қара қылды қақ жарған.

9. Берілген тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.

  Қас пен көздің арасында, тайға таңба басқандай, мойны жар бермеді.
Бұл сөз топтарының тұрақты тіркес екенін дәлелдей білуге үйрен:

10. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндір. Тұрақты тіркестерді
белгілі бір мамандықпен байланыстырып, монолог құрастырып жаз.

Ат басындай, көзді ашып-жұмғанша, қара қылды қақ жарған, құлақ салды.

11. Суреттерге қарап, тұрақты сөз тіркестерін тап.

төбе …

… ашып-жұмғанша

Тапқан сөз тіркестерін жазып, жанына бір сөзбен баламасын көрсет.
Үлгі: тайға таңба басқандай – анық, айқын.

12. Керісінше сөзжұмбақ. Сөзжұмбақтағы сөздерге сәйкес тұрақты сөз тіркестерін тауып жаз.

Көлденеңінен:

1.                                

                                  

                                  

                                  

                                  

                                  

 

Тігінен:

1.                                

                                  

2.                                 

                                   

3.                                 

                                  

 

13. Өлеңді жатқа жазып, тұрақты сөз тіркесінің астын сыз.

Қақпашы

Күзетем деп қақпаны,
Жаны бір жай таппады.
Келе жатыр доп қуып,
Шабуылшы оң жақтағы.

Рза Қунақова

 «Үздік шабуылшы» тақырыбында радиохабарлама дайында. Хабарламада «лезде» мағынасын беретін тұрақты сөз тіркесін қолдан.

14. Әр суретке тиесілі сөйлемді оқы. Не байқадың? Сылақшының есімі кім болуы мүмкін?

Адам есімінің алғашқы әрпіне сәйкес олардың мамандық атауларын тауып көр.
Азат, Зейін, Дастан, Томирис, Элмира, Хадиша.

15. Суретке қара. Шаштараз бен бала арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Диалог құрастырып жаз.

16. Суретке қарап, екі езуі екі құлағында дейтін сөз тіркесінің қандай мағына беріп
тұрғаны туралы айт. Сурет бойынша әңгіме құра.

17. Қай сөздердің мағынасы дұрыс анықталмағанын тап және дәлелде.

  1. Сөз – заттың, сапаның, қимылдың атауы.
  2. Мәтін – мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысты сөйлемдер тобы.
  3. Түбір – бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын сөз тобы.
  4. Тұрақты сөз тіркесі – сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.

18. Әр шарда жазылған сөзге тиесілі тұрақты сөз тіркесін тауып айт.

×
×

Корзина