Қазақстан – менің Отаным

«Біз Отан» деген ұғымды түсінеміз, оны картадан тауып көрсетеміз.

Қазақстанның аумағы дүниежүзі бойынша нешінші орында екенін білесің бе?

       Картаға үңілейікші. Қазақстанның батысында Каспий теңізі, шығысында биік Алтай тауы ұласып жатыр. 

Онда тау да, өзен де, көл де бар.

     Ақын Садықбек Хангелдин аталарың өз Отанына былай деп өлең арнайды:

Бәрі – менің өмірім, сен сыйлаған

 

Табиғат,

Тіршіліксің тұнып тұрған, 

Сен – Күнсің көтерілген күліп қырдан. 

Сен – Көлсің, 

Сен – Ормансың,

Сен – Бұлбұлсың,

 Адамды сұлулыққа құнықтырған.

 

 

Сен – Жарықсың,

Сен – Жерсің,

Сен – Гүлсің,

Сен – Адамсың,

Сен – Ауасың,

Сен – Анамсың,

Бәрі  менің өмірім

Сен сыйлаған, 

Туған жерім  Отаным  Қазақстан

   Картадан Астана, Алматы, Орал қалаларын және өзің тұратын аймақты тап.

        Қазақстанда сексеннен астам қала бар. Ежелгі қалаларға: Тараз, Түркістан, Шымкент жатады. Бұл біздің Отанымыздың тарихының тереңде жатқанын айғақтайды. Еліміздің қалалары бір-бірімен теміржолдар арқылы байланысады. Орал қаласынан Алматыға дейін теміржол арқылы қатынаса екі күндік жол болады. Бұл біздің Отанымыздың аумағы шексіз екенін дәлелдейді.

1. Сен өзіңнің қалаң (ауылың) қайда орналасқанын білетін боларсың. Астана мен Алматыға өз қалаңнан қалай жетуге болады?

2. Синквейн жаз. Қазақстанның кез келген қаласын неме- се өзенін таңдасаң болады.

×
×

Корзина