Қауіпсіздік ережелері

Біздің өмірімізге қауіпсіздік ережелерінің қажеттілігімен танысамыз.

 Әр адамның өмірінде табиғатта, көшеде, үйде де кездесетін қауіп-қатерлер бар.

       Осы орындарда өзіміздің қауіпсіздігімізді сақтау үшін бірнеше ережелермен танысайық. Сен «Менің үйім – менің қамалым» деген мақалды естіген боларсың. Бірақ сен бұл қамалда үлкендерсіз қалғанда, өзіңді әлсіз сезінуің мүмкін.

1. Суреттерді қара. Қыз баланың маңынан қандай қауіпті жағдайларды аңғардың?

2. Оған қандай қауіпсіздік ережелеріне көңіл аударуы қажет еді?

  Сен көшеге шықтың. Көшеде саған абай болу үшін мұқияттылық қажет.

Бейтаныс адам
Не істеу керек?

 Болған жайды сипатта. Досыңмен бұл жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігін талқыла.

       Жаз кезінде көп адамдар өзенге немесе көлге түсуге барады. Шомылу кезінде өзіңді жақсы сезіну үшін бірнеше қажетті ережелерді білгенің дұрыс.

Бірінші және ең негізгі жағдай – суда жүзе білу! Тыйым салынған лай суларда, су түбінде үшкір тастары бар суқоймаларында шомылуға болмайды! 

Суреттерге қараңдар! Суқоймасындағы қандай жағдайлар балалар үшін қауіпті саналады? Неге?

Өзін-өзі ұстаудың қауіпсіздік ережелерін (үйдегі, көшедегі, суқоймасындағы) құрастырыңдар.

×
×

Корзина