Ерте заманда Наурыз мерекесіне қарсы үй шаруашылығын, маңайды тазалап ретке келтіретін. Мереке күні сәнді ұлттық киімдер киген. Әр үйде дастарқан жайылып, наурызкөже дайындалған. Бұл тағамды әр отбасы жаңа жылдың құт берекесі, молшылық пен ырыстың молаюына ниеттеп жасайды. Дастарқанға ақсақалдар бата береді.