ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН БЕЙНЕЛЕЙМІЗ

    Әрбір жыл мезгіліне белгілі бір түс үйлесімі сәйкес келеді. Жаз, күз, қыс пен көктемге тән түс үйлесімдерін ата.

    Нені бейнелейтініңді ойлан. Ол ауыл не қала пейзажы немесе терезеден қарағандағы көрініс болуы мүмкін. Өзіңді қоршаған ортаны немесе қиялыңдағы бейнені салуыңа болады. Алдымен суретке сәйкес пішімді таңда. Сызықтық перспектива ережесін пайдаланып көр.

БАЛАЛАР ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІН БЫЛАЙША БЕЙНЕЛЕЙДІ

     Балалардың салған суреттеріне қарап, олар қандай материалдармен жұмыс істегенін анықта. Сабақта бір пейзаж салуыңа болады. Бос уақытыңда тағы бірнешеуін сала аласың. Бұл сенің күнтізбеңе дайындама болады.

     Тек жыл он екі ай ғана емес, түрлі тәулік мезгілі мен ауа райын бейнелеуге де болады. Әртүрлі ауа райы құбылысы мен тәулік мезгілдерін атап шық.

Күнтізбені бірігіп жасаймыз
Бір топтың жұмысына: 12 дана түрлі түсті қағаз, 12 сурет, әрбір ай мен күндер жазылған 12 қағаз парағы, тескіш, таспа, желім, қайшы керек.

ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. 12 адамнан тұратын топқа бөлініңдер. Күнтізбенің өлшемін анықтаңдар. Ол суреттердің және ай аттары жазылған парақтың өлшеміне байланысты. Бірдей өлшемді 12 қағаз парағын қиып алыңдар.
2. Қағаздың жоғары жағына белгілі бір жыл мезгіліне сәйкес келетін суреттерді орналастырыңдар.
3. Ал төменгі бөлігіне ай аттары мен апта күндері жазылған қағазды жапсырыңдар. Мұғалім сендерге ғаламтордан мәліметтерді тауып, шығарып береді.

×
×

Корзина