ӨНЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

     «Өнер» сөзінің көптеген мәні бар. Олардың бірі – адамның шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесі. Суретші сурет салады, графика мен мүсіндер жасап, тұрмысымызды сәндейді. Композитор музыка, ақын-жазушылар ертегі, әңгіме, өлең жазады. Мұның бәрі – өнер туындылары. Өнер бірнеше түрге бөлінеді:

СӨЗ ӨНЕРІ

МУЗЫКА

БИ

ТЕАТР

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

1. Әрбір өнер түрінің өз ерекшеліктері бар. Музыка өнері туралы білетініңді есіңе түсір.
2. Сөз өнері туралы не айтасың? Қандай әдеби шығармаларды білесің?

Кез келген өнер түр мен жанрларға бөлінеді. Олармен жоғары сыныптарда толығырақ танысасың.

Мына фотосуреттерде қандай өнер түрлері бейнеленген? Өзіңе таныс өнер түрлерін ата.

Саған қай өнер түрі көбірек ұнайды? Жауабыңды түсіндір. Өзің жақсы көретін өнер түрі туралы шағын әңгіме жаз.

×
×

Корзина