АДАМ ТІРШІЛІГІНДЕГІ СУДЫҢ МАҢЫЗЫ

    Адам суды үнемі пайдаланады. «Су – табиғат байлығы, өзен- көлге барғайсың…» деген өлең жолдары бар екенін білесің бе? Біз сумен кір жуамыз, үй тазалаймыз. Сусыз тағам пісіре алмаймыз. Адам күніне 2 литрдей су ішеді. Су болмай қалды деп елестетіп көрші. Адам қалай өмір сүретін еді?

Судың адам тіршілігі үшін маңызы туралы шағын әңгімеқұра.

1. Өзің білетін су айдындарын ата.
2. Қазақстанның аумағынан қандай өзендер ағады?

  Сусыз өмір жоқ. Жер бетіндегі алғашқы тірі ағзалар суда пайда болған. Ежелгі өркениеттің бәрі су айдынының – өзен, теңіздердің жанынан табылды. Қалай ойлайсың, неліктен?
    Судың әртүрлі қалпы бар. Жаңбыр, ұлпа қар, өрнекті қар ұшқыны, күнге шағылысқан сүңгі, шәйнектің буы, мұзайдындағы мұз – мұның бәрі су.

1. Дүниетану сабағынан су туралы білгеніңді есіңе түсір.
2. Табиғаттағы су айналымы туралы айтып бер.

×
×

Корзина