Адам өмірінде табиғат жағдайының алатын орны

Біз айнала табиғаттағы жер бедерін картадан табуды үйренеміз.

Балалар, алдарыңда Қазақстанның физикалық картасы берілген. Қазақстанның қай бөлігінде таулар мен жазықтар орналасқан? Олар қалай аталады? Олар қандай  түспен берілген? 

  Таулар – бұл жер бетінің ерекше биік тұстары.

Адамдар тауда, жазықты жерде, өзен-көл маңында, шөл мен далада, сусыз жерде де өмір сүре алады. 

Сусыз жерде, шөлде қалай өмір сүруге болады? Өз ойыңды дәлелде.

        Таудың табиғаты адамдарға жайлы. Сондықтан онда демалыс орындары орналасады. Өзен-көлдерден балық аулайды.

        Өсімдік өсіру үшін ылғал мен құнарлы топырақ керек. Қазақстанда мұндай табиғат жағдайы Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бар. Бұл аймақ ертеден егін шаруашылығымен айналысқан.

Егіншілікпен және малшаруашылығымен айналысу үшін  қандай табиғат жағдайы қолайлырақ деп ойлайсың?

Жазықтар – бұл бірдей тегіс болып келетін жер беті. 

          Қазақстанның сусыз аймақтарында адамдар жыл бойы малды бір жайылымнан екінші жайылымға өргізіп отырған. Су табу үшін терең құдықтар қазған. Осылайша аталарымыз көшпелі шаруашылықпен айналысты. 

Сен үлкен өзеннің бойында, маңында орманы бар жерде тұрасың делік. Мұндай жерде қандай шаруашылықпен шұғылдануға болады?

Картадан Қазақстанның орталық бөлігіндегі халық қандай кәсіппен айналысқанын шамалап көріңдер. Неліктен  олай ойлайсың?

1. Біздің аймағымызда жер бедерінің қандай формалары кездеседі?

2. Сен тұратын жерлерде қандай өзендер мен көлдер бар? Оның шаруашылыққа әсері қандай?

×
×

Корзина