Мен жергілікті жердің планын жасаймын

– «масштаб» дегеннің не екенін және планның шартты белгілерін белгілеуді білесің.
– жер бетінің, сыныбыңның планын жасауды үйренесің.

  Суреттерді салыстырып, қорытынды жаса.

  Сурет – бұл барлық заттың кескінін сол қалпында бейнелеу.
  План – бұл барлық затты жоғарыдан қарағандағыдай кішірейтілген түрде бейнелейтін сызба.

  «Егер зат қағаз бетіне сыймаса не істейміз?» деп, Арман мен Дана дауласып қалды. Балалардың қайсысы дұрыс пікір айтты?

Экономика – бұл адамдардың шаруашылық қызметі.

Заттың көлемін бірнеше есе кішірейтіп, соның планын қағаз бетіне түсіру керек.

Мектеп партасының планын сызып көр.
Ол үшін:
– заттың ұзындығы мен енін метрмен өлше;
– алынған өлшемдерді бірнеше есе кішірейт;
– масштабын анықта;
– жобаны дәптеріңе түсір.

  Жер бетінің планы – шағын жер телімінің сызбасы. Планға түсіру үшін шартты белгілер керек. Олар арқылы үйлер, ағаштар, жолдар және басқа нысандар белгіленеді. Суреттерге қара. Қайсысы шартты белгілер екенін айт.

шалғын, соқпақ

тасжол, телеграф

аралас орман, жол

ауыл, мектеп

бақ

бұлақ, өзен

көл, батпақ

қаражол

көпір, өзен

  Туристің баратын бағытын шартты белгілерді пайдаланып сызыңдар.

  Ербол өз үйінен таңертең ерте шығып, қаражолға түсті. Алғашқыда ол оңтүстік-шығысқа қарай бет алды, баққа жеткен соң, солтүстік бағытқа, өзенге қарай жүрді, онда оны досы Тимур күтіп тұр еді. Олар кездескен соң, оңтүстік-батыста орналасқан мектепке қарай бірге жүрді.

  Жергілікті жердің планы мен картасын қандай мамандық иелері «оқи» алады?

  Мектеп ауласының планын сыз, одан кейін үйіңнен мектепке дейінгі жолды сыз.

×
×

Корзина