Музыкадағы жанды табиғат көріністері

(жалғасы)

1-тапсырма. Тыңдау. Талдау.

Япурай («Япыр-ай»)

(қазақтың халық әні)

Жаз болса, жарқыраған көлдің беті-ау,
Көгеріп көрінеді, япыр-ай, алыс шеті-ау.
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай,
Шайқайды жас баладай, япыр-ай, желдің лебі-ей.

Бейне таспадан «Япурай» әнін әнші, композитор Бекболат Тілеуханның орындауында және көркем бейнекөріністерді көріп, әнді тыңда.

• Әннің орындалуында қандай айырмашылық бар?
• Ән орындалу барысында көңіл күй өзгере ме?
• Әнді тыңдау барысында көз алдыңа не елестетесің?
• Ән қазақ жерінің сұлу табиғатын не арқылы (өлең, ән, музыкалық көрке мдеуіш құралдар) бейнелейді?
• Әнді тыңдағанда, мүмкіндігінше, іштей қосылып мәнерлеп айтуға тырыс. Бірінші шумақтың сөзі оқулықта берілген

2-тапсырма. Әнді орындау.

Кемпірқосақ

Өлеңін жазған: А. Асылбек
Әнін жазған: Ә. Бүшікова

Па-пап! Па-пап!
Мұрны бар, көзі бар,
Айтқаныңды тез ұғар.
Мәшинеміз көңілді,
Аралайық өңірді.
Зау-ла! Зау-ла!            Қайырмасы:

Мәшинеміз ыңғайлы,
Айтқаныңды тыңдайды.
Кәне, мінейік, жүрейік,
Мәшинеміз зырлайды.
Па-пап! Па-пап!

Мініңдер, келіңдер,
Көтерілсін көңілдер.
Туған жердің тамаша
Табиғатын көріңдер.
Зау-ла! Зау-ла!            Қайырмасы:

Қандай ғажап даламыз,
Саяхаттап барамыз.
Біз бақытты баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Па-пап! Па-пап

Әнді мұқият тыңдап, өз пікіріңді айт.

• Ән қандай көңіл күйді білдіреді?
• Әннің көңіл күйін қандай түстермен бояр едің? Төмендегі түстерден қалағаныңды көрсетіп, түсінігіңді айтып бер.

• Әннің көңіл күйіне қарап, сыныппен бірге мәнерлеп айтуға тырыс.

3-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу.

Табиғаттың музыкалық бейнелері

(виртуалды ойын)

   Ойынның шарты. Оқушылар топқа бөлініп, кішігірім зерттеу жүргізеді. Үш музыкалық шығарманы аудио түрінде бейне таспадан реттілікпен тыңдайды, одан кейін талдайды. Талап бойынша, орындалу барысында музыкалық шығарманың аты аталмай, тек нөмірі ғана
аталады.

   Әр топ барлық шығармаларды тыңдап болғасын, әрқайсысына өздері ат қояды және мазмұнына түсінік береді. Сондай-ақ қандай аспаптарда орындалғанын айтады. Бұл жұмыс таныстырылым түрінде өтеді.

   Ойынның аяғында мұғалім немесе жетекші оқушылар шығармалардың, музыкалық аспаптардың дұрыс атауын атайды және жеңімпаздарды анықтайды. Бейнетаспаны қайта қосып, тағы бір рет көрсетіп, тыңдатқызады. Оқушылар таныстырылымы критериалды бағалау негізінде бағаланады.

×
×

Корзина