ДЕМАЛЫС ПЕН САЯХАТ

     Демалыстың түрі көп. Біреулер бос уақытында кітап оқып, фильм көреді. Театр, концерт мұражайға барғанды ұнататындар бар. Енді біреулер саяхатқа шықпаса, демалдым деп есептемейді. Жазғы каникул таяп қалды. Көптеген отбасылар саяхатқа жиналып жатыр.

      Саяхаттың да түрі сан алуан. Мысалы, өзге елге барып, оның тарихы, мәдениетімен танысуға болады немесе туған өлкенің көрікті орындарын аралай аласың. Саяхаттың бұл түріде қызық.

1. Қазақстандағы қандай көрікті орындарды білесің?
2. Өзің қай жерде болдың?
3. Саяхатқа шыққанда бәрінен де нені жақсы көресің?

         Гүлдеген жеміс ағашы, піскен алма, көгалға сән берген бақбақ, көрікті ғимараттар, тіпті қисайып тұрған қақпада сенің назарыңа ілінуі мүмкін. Серуенге шыққанда ағаштың қанша түрін көргеніңді сана. Адамдарға қарап,қызықты дүниелерді көзіңнен қалт жібермеуге тырыс. Мұның бәрі сенің білім қоржыныңа жиналып, сурет салғаныңда пайдаға асады.

     Өзіңмен бірге әрдайым қойындәптерің мен қарындашыңды ала жүр. Қызықты нәрселерді бейнелеуге тырыс. Сен бұл жобаны ата-анаңмен бірге орындайсың. Олар сенімен бірге саяхатқа шығып, өзіңмен бірге ғажайыптар әлемінің құпияларын ашады.

×
×

Корзина