Қоғам – бұл мүддесі мен мақсаты бір адамдардың бірлестігі.
Адам дүниеге келгеннен бастап белгілі бір қоғамда өмір сүреді. Адам үшін отбасы, мектептегі сыныбы, колледждегі тобы, жұмыстағы ұжымы, достары мен құрбыларының маңызды орны бар. Әр адамды көпшілік ортада өзін қалай ұстауы керек деген мәселе әрқашан толғандырады.