ЯДРОЛЫҚ ӨНДІРІС – ТАБИҒАТҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

1. Ғылыми стильде жазылған мәтіннің мазмұндық ерекшеліктерін анықта.

    Ядролық жарылыстар әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбылыстар көп жағдайда жарылыс түрі мен қуатына байланысты болады. Ядролық жарылыстар жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесіне қарай анықталады. Мысалы, әуедегі жарылыстың эпицентрінде жергілікті жерге радиоактивтік зақымданудың орасанзор қаупі төнеді. Ал жерүсті және жерасты жарылысы жердің, сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындағы аумақтың едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың түрі мен қуаты қирату ауқымымен, нысанның апатты жағдайымен, радиоактивті зақымдану мөлшерімен сипатталады.
                   

 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінен

2. Мәтін мазмұнына сүйеніп, Семей полигонында ядролық жарылыстың қай түрі жүргізілгенін анықта. Ақпарат көздерінен Семей полигонына қатысты статистикалық мәліметтерді тауып, онда болған ядролық жарылыстардың табиғатқа тигізген зардаптарын есепте. Оның қорытындысын сыныпта талқылаңдар.

3. Мәтінді мұқият тыңдап, конспект жазыңдар.

4. Мәтіннің стилін сөз оралымдары арқылы анықтаңдар. Мәтінге тақырып қойып, автордың негізгі идеясын ашыңдар. Кестені тыңдалым мәтіні бойынша толтырыңдар.

5. Асанқайғының сөзін оқы. Дала философының сөзі мен ол сипаттаған жерлердің қазіргі күйін салыстырып, өз ойыңды айт. Сөзіңде шешендік сөз амалдарын қолдан.

6. Төменде берілген сөздердің өзара байланысын алдымен жұпта талқылап, одан кейін сыныпта 4 түрлі себеппен дәлелдеңдер. Жұпаралық бағалауда келтірілген себептер мен деректердің шынайылығын қадағалаңдар.
Қазақстан – Семей – полигон – қасірет

    Сыни пікір

     Сыни пікір немесе рецензия – журналистика, сонымен қатар ғылыми және көркем әдеби сынның жанры. Латын тілінен аударғанда «recensio» – «баға, хабарлама, сын, бір нәрсе туралы жазылған пікір» деген мағынаны білдіреді. Сыни пікір жаңа шығарма жайлы көпшілікті хабардар етіп, жазушы немесе ғалым жазған зерттеуге баға беріп, жөндеу үшін жазылады. Онда сол еңбекке пікір жазушы адамның өз көзқарасы баяндалады, бағасы беріледі, еңбектің жетістігі мен кемшілігі айтылады, кейде оны жетілдіре түсу үшін ұсыныстар көрсетіледі. Сыни пікір көлемі автордың талдауына байланысты болады.
   Сыни пікір, ең алдымен, ғылыми негізде, объективті түрде, баршаға түсінікті тілде жазылып, шығарманы жазған авторға да, шығарманың оқырмандарына да пайда келтіруі тиіс.
   Қазіргі кезде ең көп таралған рецензиялардың бірі – ғылыми жұмысқа берілетін баға. Рецензияда нақты ғылыми талдау немесе әдеби шығармаға кәсіби талдау жасалынып, сыни пікір не эксперттік қорытынды беріледі.

Рецензия жазу үлгісі:

Ж. Ақанқызының «Табиғатты қастерлейік» мақаласына

РЕЦЕНЗИЯ

     Мақала авторы жазған тақырыбын жете меңгерген. Тақырыбы толық ашылған. Мақала өзара байланысқан ой тізбектерінен тұрады. Автор мақаланы жазуда түрлі тілдік құралдарды шебер пайдаланады. Еңбекте тақырыптың маңыздылығын сипаттайтын дәйектер жақсы таңдалған…

7. Мәтінді түсініп оқып, рецензия жаз.

8. Мәтіннің жанрлық ерекшелігіне талдау жасаңдар.

9. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

1) Мәтінде қандай ой айтылған?
2) Мәтінде көтерілген мәселеге ұқсас көркем шығарма оқыдың ба?
3) Мәтін мазмұнына сүйеніп, қорытынды жаз.

10. «Ішкі және сыртқы» әдісі бойынша мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды жазыңдар. (Жазып болған соң, топтар шеңбер жасап тұрады. 1-топ ішкі шеңберге, 2-топ сыртқы шеңберге жинаған ақпараттарымен бөліседі.)

11. Мәтіндегі термин сөздерді теріп алып, мағынасын сөздіктің көмегімен
анықтаңдар.

12. Ғылыми еңбектерді пайдаланып, Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы шағын мәтін жаз. Ескерту: таңдалған жанрдың формасы мен мазмұны сақталсын.

13. Тыңдалым және оқылым мәтіндеріне «Төрт сөйлем» әдісі бойынша қорытынды жаз.

1) Пікір. Мәтіндер бойынша өз пікіріңді бір сөйлеммен тұжырымда.
2) Дәлел. Пікіріңді бір-екі сөйлеммен дәлелде.
3) Мысал. Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
4) Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығар.

×
×

Корзина