Мәңгілік мұралар

1-тапсырма. Ойтолғау. Музыка тыңдау.

Сарыжайлау

Тәттімбеттің күйі

• «Сарыжайлау» күйін симфониялық және қазақ ұлттық аспаптар оркестрлерінің орындауында тыңда.
• Күйді қай оркестр бастады? Қандай оркестр жауап қайтарды, қандай оркестр аяқтады?
• Бейнебаяндағы оркестр орындауларын қандай өнер түріне жатқызар едің?
• Үшінші сыныптағы музыкалық тәжірибеңе сүйене отырып, екі оркестрдің айырмашылығын ата.
• «Сарыжайлау» күйі қай оркестрдің орындауында ұнады? Неліктен?
• Бейнежазбадағы оркестр орындауларына тақырып қой.

2-тапсырма. Музыкалық сауаттылық.

   Симфониялық оркестр алғаш рет 18 ғасырда Еуропада пайда болды. Оркестр құрамы ішекті-ысқышты, үрлемелі және соқпалы аспаптардан құрылған.

Симфониялық оркестрдің құрымындағы музыкалық аспаптар

(дыбысына қарай топтасуы)

1. Ішекті-ысқышты аспаптар тобы

скрипка

альт

виолончель

контрабас

2. Үрлемелі-ағаш аспаптар тобы

флейта

гобой

кларнет

фагот

3. Үрлемелі-мыс аспаптар тобы

валторна

труба

тромбон

туба

4. Шулы-ұрмалы аспаптар тобы

кастаньет, маракас және т.б.

барабан, дауылпаз, дабыл

литавра, тарелка, үшбұрыш

қоңырау, ксилофон және т.б.

5. Клавишті аспаптар тобы

рояль

орган

клавесин

клавикорд

6. Қосымша топ

арфа

3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.

   Үш топқа бөлініп, «Мәңгілік мұра» атты өнер сайысына қатыс.

1-топ: Қобыз аспабының дайындау тәсілін әңгімелейді.
«Жезкиік» күйіне суырыпсалма жасайды (әуенін орындайды, ырғағын соғады).

2-топ: «Қоғалы-ай» халық әнін екі дауыста орындайды.

3-топ: «Алпамыс батыр» жырына суреттерден коллаж дайындайды. Бұқар жыраудың «Биік тауға жарасар» термесін орындайды.

4-тапсырма. Бағалау.

 Әр топ өз өнерін көрсетеді және бірін-бірі бағалайды.

×
×

Корзина