Қолдан ал ьбом жасау өнері скрапбукинг деп аталады. Сенің фотосуреттерің көп болар ?! Олар жоғалмас үшін арнайы альбом жаса . Ата -анаң саған альбом жасауға көмектессін. Алдымен шағын альбом жаса. Оған 8–10 бетті альбом парағы жеткілікті .
Саған түсі алуан түрлі қатырма қағаз , қайшы, сызғыш, желім, жібек лента немесе бау , біз не тескіш керек.
Өлшемі шамам ен 15х20 см болатын түрлі түсті қатырма қағаз парақтарын дайында. Сол жақ жиегінен 3 см өлшеп, тік сызық жүргіз. Төмен қарай 8 см етіп өлше де, нүкте қой. Осы нүктеден 4 см төмен тағы бір нүкте қой. Басқа қағаз парақтарына да осылай жаса.
Үлкендерден біз немесе тескішпен нүктенің үстінен тесіп беруді сұра . Қағаздарды бірінің үстіне бірін жинақтап, тесіктерге лента не бауды өткіз. Оны гүлдеп байла . Өң беті мұқабасы болатындықтан, оны әшекейлеу керек.
1. Қағаз тағы қай жерде пайдаланылады? Мысал келтір.