Зерттеу бағытын анықтау

– зерттеу бағытын анықтай аласың;
– қандай зерттеу әдісінің тиімді екенін және оның себебін білесің;
– алған біліміңді дұрыс түсіндіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Табиғатты зерттеу үшін қандай әдістер қолданылады?
2. «Ақпарат» сөзіне кластер құрастыр.
3. Ақпараттың жалған болуы мүмкін бе? Болжамыңды дәлелде.

Мәтін бойынша тапсырмаларды орында

  Жаз шықты. Нұрәлі демалыста ауылдағы әжесіне келді. Бұл ауыл өте әдемі. Нұрәлі ауылдың маңайын қызыға аралады. Бір күні ол далаға шығып, керемет көрініске тап болды. Бұталардың арасында өрмекшінің өрмегі күн сәулесімен жылт-жылт етеді.
  Нұрәлі оның қайдан пайда болғанына таңғалды, кеше ғана жоқ еді ғой. Ол бір тал шөпті жұлып алып, өрмекті сыпырып тастады. Келесі күні де бала бұтадағы дәл осындай өрмекті көрді. Енді Нұрәлі бұл өрмектің қайдан пайда болатындығын білгісі келді. Бала бірнеше күн ештеңеге тимеді. Содан кейін ол мынаны көрді.

1. Нұрәлі зерттеудің қандай әдісін қолданды?
2. Нұрәлі не көрді деп ойлайсың?
3. Бала қандай қорытынды жасады?

Сызба мен суреттерге қараңдар. Зерттеулер қай салаға жататынын және қайсысы жиі қолданылатынын анықтаңдар.

Химия

Астрономия

Биология

Зерттеудің қай әдісін қолдану керектігін анықтаңдар:

1-топ. Астероидтың құрамында не бар?
2-топ. Өсімдікті үйреншікті емес ортада қалай өсіруге болады? (өсімдікті ортаға бейімдеу).

Қорытындылау
1. Үнемі зерттеудің тек бір әдісін ғана қолдануға бола ма? Неліктен?
2. Сен зерттеуді неден бастар едің?

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Қоршаған әлемді зерттеудің ғылыми әдістері – бақылау, ғылыми тәжірибе жасау және өлшеу (бұларды адамдар ертеденақ қолданып келеді). Зерттеушілер бұл әдістерден басқаларын да пайдаланады.
  Салыстырмалы әдіс – жануарлар мүшелерінің құрылымы мен даму заңдылықтарын салыстыру арқылы зерттеген кезде анатомияда қолданылады.
  Модельдеу – өсімдік қауымдастығының моделі құрылғанда, сондай-ақ өмір сүру жағдайлары (температура, ылғалдылық, жарық түсу) өзгерген кезде қауымдастық нысандарын бақылау үшін биологияда қолданылады.

Қызықты деректер

  Адамзат өмір сүргелі бері көптеген жаңалықтар ашылды. Қазір олардың біразы ескіріп, кейбіреулерін адамзат әлі күнге дейін пайдаланып келеді.
  Ғалымдардың айтуынша, адамзат тарихында ең маңызды жаңалықтар бар. Олар:
  1) отты пайдалану;
  2) доңғалақ жасау;
  3) жазу;
  4) қағаз жасау;
  5) қару-жарақ пен оқ-дәрі жасау;
  6) байланыс құралдарын (телефон, телеграф, радио, ғаламтор) ойлап табу;
  7) автомобиль құрастыру;
  8) антибиотиктердің ойлап табылуы (алғашқы антибиотиктер – пенициллин ХХ ғасырдың 40-жылдарында алынды);
  9) лампочканы ойлап табу.

Сабақты қорытындылау

  1. Неліктен зерттеу барысында әртүрлі әдістер қолданылады?
  2. Модельдеу мен салыстырмалы зерттеу әдісін қайда және қалай пайдалануға болатыны туралы өз пікіріңді айт.
  3. Өзіңді қызықтыратын тақырып бойынша зерттеу жоспарыңды ұсын. Сыныптастарыңа өзіңнің зерттеу жұмысың туралы айтып бер.
  4. Жүргізілген зерттеу нәтижелерін (кесте, сызба, диаграмма түрінде) қалай дұрыс жеткізуге болатынын анықта.

×
×

Корзина