Мақсаты: өсімдіктердің тұқымдары әртүрлі екенін анықтау.
Болжам жаса
Болжамыңды мына сөздерден баста: «Өсімдік тұқымдарының пішіндері мен өлшемдері әртүрлі, өйткені …».
Өз болжамыңды тексер
1. Бақылау жүргіз. Тұқымдарға зерделеп қара. Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Жұмысыңның нәтижесін сыныптастарыңмен талқыла.
2. Тәжірибе жаса.
A) Бір түрдегі тұқымды алып, оны төмен қарай таста. Тұқым үстел үстіне қалай түскенін анықта. Бұл тәжірибені барлық тұқымға қайталап жаса.
Ә) Су құйылған стақан ал. Стақандағы суға әртүрлі тұқымды бір-бірлеп сал. Тұқымның қандай күйге ұшырағанын анықта.
Б) Матаны үстелге жайып қой. Оның үстіне тұқымды шашып сал. Оларды алақаныңмен аздап бас. Матаны қолыңа алып, төңкеріп ұста. Қай тұқымның түскенін, қай тұқымның матаға жабысқанын анықта.
3. Бақыла. Қай тұқым үстелге алдымен түсті? Суға салғанда тұқым қандай күйде болды? Неліктен кейбір тұқым матаға жабысып қалды? Дәптеріңе қорытынды жаз.
4. Кесте құрастыр, жасаған жұмысыңның қорытындысын жаз.
5. Нәтижелер сенің болжамыңды растады ма?