Қайсар халқы, сан ұлттың өкілдері Тағдыр қосып бастарын, туыстырған. Қазақстан әр таңы атқан күліп, Нұр сәулесі санаға жаққан үміт.
Алға бастап барады Елбасымыз, Әрбір күннің шуағы шаттандырып..
Сұлтан Қалиұлы
3. Шығарманың авторы туралы әңгімеле.
Сұлтан Қалиұлы 1943–2018
Ақын, жазушы.
«Сәлем саған, мектебім», «Жыл құстары келгенде» т.б. кітаптары бар.
«Бала тілімен жазатын атамын».
Сұлтан Қалиұлы
4. Өлеңнің мазмұнына сүйене отырып, «Неге?» кестесін толтыр.
5. Өлеңді тыңда.
Туған өлкем
Қазақстаным, Өмірмен бірге Дүниеге келген егізім! Қойныңнан табам Ықылым күннің мен ізін… Көлбеген көлдер, Шөлдеген белдер, Өр таулар – Бәрі бар сенде, Тулайды арда теңізің.
Қазақстаным, Қып-қызыл құм да, Жап-жасыл ну да баршылық. Қиырсыз түзге Аспанның асты таршылық Еткендей – Толқып қарайсың, Көңілің аршылып…
Қазақстаным, Естисің ылғи Қай жаққа құлақ түрсең де, Өмірдің күйін (Теңеулер келмей тұр шенге…) Адамзат білген, білмеген барша байлықтың Киелі туған топырағым, Бәрі – бір сенде!
Қайрат Жұмағалиев
6. Автор туралы әңгімеле.
Қайрат Жұмағалиев 1937–2013
Ақын, жазушы.
Отан, туған жер туралы «Отан таңы», «Туған жер туралы толғаныс», «Құтты өңір» деген шығармалары бар.
«Қайрат туған өлкеміздің шартарабын, әр көршісін сүйсіне жырлайды»..
Қалижан Бекхожин
7. Қазақстан Республикасының картасын пайдаланып, ақын өлеңінде шабыттана жырлаған табиғат нысандарын атап көр:
а) көлбеген көлдер ә) өр таулар б) қып-қызыл құм в) жап-жасыл ну
8. Жинаған деректеріңді сызбаға түсір. Екі өлеңмен байланысын анықта.