Қазақтың дәстүрлері

Сұрақтар қоямын және жауап беремін.

1. Берілген сөздерге ортақ бір тақырып ойластыр. Оны бірнеше тақырыпшаға бөліп, соған сай орналастырып айт. Өз бетінше толықтыр.

Сәукеле, қыз қуу, қымыз, Наурыз, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қазы, қамзол, бауырсақ, тақия, бөрік, құрт.

2. «Кім жылдам?» Қалай аталады?

1. Жақын адамдардың бір-біріне өте қауырт, қажетті жұмыс кезінде көмекке келуі.
2. Өте қуанышты хабарды жеткізу.
3. Жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда сұралады.
4. Көңілді отыру мақсатында қонаққа «өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз» деп тілек білдіру.
5. Сәби тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым.

сүйінші, асар, байғазы, тұсаукесер, қонақкәде

3. Түсініп оқы. Өлеңнің құрылымына мән бер.

Қазақтың дәстүрлері

Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
мен-дағы оның бәрін жақсы білем.

Ата-ана қартайғанда бел бүгіліп,
Құрметтеп сыйлайды оны ел жүгініп.

Тәтті дәм, асыл деген киімдері –
қарттыкі әр қазақтың үйіндегі.

Ерте-кеш қонақ келсін шақырусыз,
жатырқап сұрамаймыз: «Заты кімсіз?»

Тік тұрып жасымыз да, кәріміз де,
тосамыз үйдегі бар дәмімізді.

Бір ғажап – ұл-қыз біздің елде керім
қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.

Жас келін үй билемес тізгінді алып,
ал сосын тым бауырмал біздің халық.

Қазақтың жас-кәрісі өле-өлгенше
самарқау тұра алмайды өнер десе.

Білмесең, таны,достым, жақын барып,
шетінен қазақ деген ақын халық.

Даламыз жазық болса, қанша біздің,
сондай кең пейіліміз де баршамыздың.

Фариза Оңғарсынова

4. Өлеңнен халық дәстүрлері туралы айтылған көркем ойды тап.

Қонақжайлылық
Инабатты келін
Ата-ананы құрметтеу
Өнерге құштарлық
Жеңгелерді сыйлау

5. Саған халқымыздың қай дәстүрі ерекше ұнайды? Неліктен? Ойыңды жазбаша білдір (7–8 сөйлем).

6. Қазақтың дәстүрлері тақырыбында сөзжұмбақ құрастыр.

×
×

Корзина