«Пайым мен парасат» бөлімі бойынша қорытынды сұрақтар мен тапсырмалар


1-тапсырма. Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңіндегі ақынның бейнесіне талдау жасаңдар.
Адамгершілік келбеті:__________
Ақындық келбеті:__________
Азаматтық келбеті:__________


2-тапсырма. Кесте бойынша «Өзім туралы» өлеңіндегі ақын ойы мен өз ойларыңды айтып, тұжырым жасаңдар.


3-тапсырма. Үзіндіні оқып, кейіпкердің көз алдынан өткен ел тарихындағы оқиғалар туралы айтып беріңдер.
  Едігенің көз алдынан кезінде жалпақ елге «кербез келіншек» деген аты шыққан, қазір ішкі үйде ақ кебін оранып жатқан Хансұлудың қым-қиғаш өмір жолы жүйткіп өтті. Отызыншы жылдар басында «бай» делініп, әкесі қуғын-сүргінге ұшыраса, одан кейінгі жылдары Құдай қосқан қосағы Шеге «халық жауы» атанып, қудаланудан көз ашпады. Соғыс тұсында тірі жесір Хансұлудың мойнында Шегенің кәрі шешесі мен шиеттей жас балалары қалды. Соларды аш-жалаңаш қылмаймын деп, Хансұлу қолына ақ таяқ алып, қысы-жазы қой соңында салпақтады.


4-тапсырма. Автор суреттеуіндегі жеке сөздерге мән бере отырып, кестені толтырыңдар.

×
×

Корзина