МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

1. Отан, туған жер деген ұғымдарды қалай түсінесің?
2. Қазақстанның елордасы туралы не айтасың?
3. Қазақстанның кен байлықтары туралы не білесің?
4. Бүгінгі Қазақстан туралы не айтар едің?

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап бер.

• Еліміз туралы қандай мәлімет қосар едің?
• Мәтіннің мазмұны бойынша өз ойыңды дәйектеп айт.

2-тапсырма. Өздерің тұратын аймақ туралы диалог құрыңдар.

3-тапсырма. Төмендегі сөздерді пайдаланып, жазғы демалысты қалай өткізгендерің туралы сөйлем құраңдар.

   Ескерту. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде, бөлек жазылады. Мысалы: еш адам, әр бала, қай зат, кей адам, бір жұмыс, әлде жұмыс, әлде ермек.
   Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, ортаазиялық және т.б. сын есімдер осылай жазылады. Олар сөздікте беріледі.

4-тапсырма. Төмендегі шағын мәтіннен бірге жазылатын сөздерді тауып, дәптеріңе жаз және жұбыңа дәлелде.

   Енді оқу жылының басталуын шыдамсыздана күтемін. Адам деген қызық қой. Оқып жүргенде демалысты аңсайсың. Енді міне, демалыста жүріп, оқуды сағына бастадым. Жаздыгүні қыс болса текен дейсің, қыста жазды көксейсің. Бұл неліктен, а? Адам баласының бабын қалай табуға болады?

(Б. Соқпақбаев)

5-тапсырма. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріп айт.

Түркістан

Түркістан екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

(М. Жұмабаев)

6-тапсырма. Қазақстан, туған жер, атамекен туралы жазылған өлеңдердің бірін таңдап, ондағы бірге жазылатын сөздерді кестеге жаз. Өлеңді оқығанда орфоэпиялық заңдылықтардың сақталуына мән бер.

7-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Шешуін дұрыс тапқанда «Қазақстан» сөзі шығады.

Сұрақтар:
1. Тәуелсіздік үшін күрескен батыр
2. Қазақстанның елордасы
3. Тұңғыш Президент
4. Ресми құжат
5. Қазақстандағы мемлекеттік тіл

6. Шегара күзетуші
7. Қазақстанның ұлттық валютасы
8. «Төрт ана» өлеңінің авторы
9. Болашаққа деген … .

8-тапсырма. Төмендегі картадан өз облысыңды тауып, ондағы қазба байлықтар, өзен, көлдер, таулар, көрікті жерлер туралы басқа облыста тұратын досыңа хат жазып, мақтанышыңмен бөліс. Хатта бірге жазылған сөздерге мән беріп, орфографиялық норманы сақтауды ұмытпа.

9-тапсырма. «Мен елімнің азаматымын» тақырыбында монолог арқылы өз ойыңды дәйектеп жаз. Монологтегі бірге жазылған сөздерді ата.

10-тапсырма. «Сөз-Бәйге!» Шарты: екі топқа бөлініңдер.

1. 3 минут ішінде туған жер, атамекен туралы мақал-мәтелдерді айтыңдар.
2. 3 минут ішінде туған жер туралы өлең оқыңдар.

11-тапсырма. Берілген фигураларға сәйкес өзіңді-өзің бағала.

1-фигура. Не үйрендім?
2-фигура. Қанша мәлімет алдым?
3-фигура. Әлі де білгім келеді.
4-фигура. Нені түсінбедім?

×
×

Корзина