Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді әлемнің 30 бәсекеге қабілетті елдер қатарынан табылуы үшін қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін алға жылжыту, өзіміздің бәсекеге қабілетті инновациялық технологияларымызды құру қажеттігін ашып көрсетті. Бұл жерде ғылымда көптеген жаңа бағыттар ашу емес, керісінше, бар бағыттарды нәтижеге жететіндей етіп азайту, яғни экономикамызға жақын арада мақсатты нәтиже беретін бетбұрыс алу керек.
Нанотехнологиялар – бұл қазақстандық ғылымда бар бағыттарды еліміз үшін маңызды бір деңгейге дейін қысқарту. Нанотехнологияның даму тарихына көз жүгіртсек, XIX ғасырда Левенгуктың микроскобынан кейін адамдардың жаратылыстану ғылымын салаларға: физика, астрономия, химия және биологияға бөлу процесі аяқталды. ХХ ғасырда әсіресе 1931 жылы электрондық микроскоп ойлап табылған соң, ғылымды материяға терең ену деңгейіне қарай интенсивті бөлшектеу басталды. Мәселен, физика молекулярлық, атомдық, ядролық, кванттық болып бөлінді.
Химия мен биология да дәл осындай өзгеріске ұшырады: атомдық химия, молекулярлық және микробиология, генетика және т.б. пайда болды. Сонымен бірге жаңа салалар интеграциясыда қатар дамыды. Мәселен, химия мен биологияның, биологияның химиямен, физикамен тоғысында жаңа пәндер дамыды. Мысалы, бионика, кванттық химия және т.б.
ХХ ғасыр ортасында бұған технологияның жетілуіне бағытталған ірі бизнес қосылды. Bell фирмасы зертханасында жаңа ақпараттық эра көзі болып табылатын алғашқы транзистор құрастырылды. IBM фирмасының зертханасында зондтар көмегімен жеке атомдарды орнын ауыстыра отырып, жаңа қасиеттері бар керемет материалдарды құрастыруға мүмкіндік берген магниттік зондтық микроскоптар сериясы жасалды. Бұл екі жаңалық ғылым мен технологияға «нано» деген тіркес беріп, наноғылым мен нанотехнологияларды дүниеге әкелді. 2005 жылы IBM зертханасы қызметкерлері жекелеген атомдарды көруге және жекелеген электрондарды басқаруға мүмкіндік беретін жаңа микроскоп түрін жасап шығарды.
(http://www.stat.kz/)