Өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылығы

- төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктерді ажырата аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Өсімдіктер қандай топқа жіктеледі?
2. Өсімдік қандай бөліктерден тұрады?
3. Неліктен Жер шарымызда әртүрлі өсімдік қауымдастығы бар? Өз пікіріңді айт.

Мәтін бойынша тапсырмаларды орында

  Наурыз айы келді. Әсел мен Іңкәр саябаққа серуендеуге барды. Көктем шығып, дала жылыса да, ағаштар әлі ояна қоймаған. Қыздар қайың мен шыршаны ғана бірден таныды, ал қалғандарын тану мүмкін емес, бір-бірінен аумайды. Олар енді бір айдан кейін саябаққа қайта келмек болып келісті. Ол кезде не өзгереді? Өз болжамыңды айт.

1. Қыздар саябақтағы ағаштарды қандай белгілеріне қарап таныды?
2. Олар неге бір айдан кейін ағаштарды бірден танимыз деп ойлады?
3. Өсімдіктер бір-бірінен қандай белгілерімен ерекшеленеді деп ойлайсың?

Сызбаға қараңдар. Өсімдіктер қандай топқа бөлінетінін анықтаңдар.
Оларға мысал келтіріңдер.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Өсімдіктер патшалығына Жер шарымызда өсетін барлық өсімдіктер топтастырылған. Оларды құрылымына қарай екі үлкен топқа бөледі.
  Төменгі сатыдағы өсімдіктер бір жасушадан да тұруы мүмкін. Бұл өсімдіктердің тамыры, сабағы, жапырағы болмайды. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің құрылымы өте қарапайым болады, сондықтан оларды қарапайым өсімдіктер деп атайды.
  Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлық мүшелері (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, тұқымды жемісі) айқын көрінеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығы тұқымды және споралы деп бөлінеді. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктердің гүлдерінен тұқымды жемістер пайда болады, ал споралы өсімдіктердің гүлі болмайды. Бұл өсімдіктерде жаңа өсімдік өсіп шығатын споралар түзіледі. Оларға мүк, қырықбуын, қырықжапырақ жатады.

Интересные факты

• Қырықбуын мен қырықжапырақ – Жер шарымызда миллиондаған жыл бұрын өскен өсімдіктер. Ол кезде бұл өсімдіктер өте биік болып өсетін, себебі олардың өсуіне кедергі келтіретін басқа өсімдіктер де және оларды жейтін жан-жануарлар да болмаған. Қырықжапырақтардың биіктігі 30 метрге, ал қырықбуындар 15 метрге дейін жететін.
• Қырықбуын ұлпасы жуатын және тазартатын заттарды дайындауда қолданылады.

Сабақты қорытындылау

1. Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
2. Әр топқа қандай өсімдіктер жатады?
3. Өсімдіктердің бұл топтарының арасында қандай айырмашылықтар бар?
4. Неліктен кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктерді тұқымды, ал кейбіреулерін споралы деп атайды?

×
×

Корзина