Симбиоздың тағы бір түрі бар. Екі түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бір түр өзінің іс-әрекеті арқылы екіншісіне қорек немесе мекенжай тауып береді. Бұл – ағзалардың бір түрінің екінші бір түріне зиянын тигізбей өзіне тиімді тіршілік етуі.
Саваннадағы кейбір құстар сусиырлардың (бегемоттардың), мүйізтұмсықтардың арқа терісінен жәндіктерді жабыстырып өздеріне азық табады. Сол себепті олардың үстінде (арқаларында) алаңсыз жүреді.
Өте әдемі орхидей гүлі – комменсализмнің жарқын мысалы. Бұл гүлдер топырақта өспейді. Олар ағаштардың діңі мен бұтақтарына жабысып өседі.
Симбиозға мұхиттар мен теңіздерде өмір сүретіндерден де көптеп мысал келтіруге болады. Мысалы, балықтар мен акулалар. Балықтар акула азығының қалдығымен қоректенеді.
Симбиоздық қарым-қатынастың тағы бір түрі ол – белгілі бір ағзаның (паразиттің) екінші бір ағзаны тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі. Мысалы, масалар, кенелер, қандалалар.