• Алюминий – күміс ақшыл түсті, жеңіл металл. Оған кез келген пішінді беру оңай. Ол темір сияқты тоттанбайды. Одан асүй ыдыстарын және өндірісте қолданатын жұқалтыр (фольга) жасайды. Осы қасиетіне байланысты алюминий авиация мен авиағарыш саласында қолданылады. Алайда алюминийдің бір кемшілігі – беріктігі төмен. Сондықтан алюминий құрылымдарды дайындау үшін таза күйінде қолданылмайды. Әдетте оны аздаған мыс пен магний қосып қорытады. Қорытпа дюралюминий деп аталады.
• Өнеркәсіпте көбінесе таза металдар емес, олардың қорытпалары қолданылады. Қорытпалардың бағалы қасиеті – олардың жаңа қасиеттері болып табылады. Мысалы, алтын да, мыс та өте жұмсақ металдар, ал мыс пен алтын қорытпасы әлдеқайда қатты.
• Кейбір металл қорытпалары «есте сақтау» әсеріне ие. Осы қасиеттің арқасында белгілі бір температураға дейін қызған кезде осындай қорытпадан жасалған деформацияланған бұйым өзінің бастапқы түріне келе алады. Бұл медицинада қолданылады.