Судың ластануы түрлі факторларға әкеледі, әсіресе адам әрекеті су сапасының төмендеуіне ерекше әсер етеді. Табиғатта су айналымынан басқа айналымдар да бар. Олар табиғатта тепе-теңдік қалыптастырады.
Табиғатта ешқандай қалдық қалмайды. Барлық ағзалар мен түрлер ыдырап, қайтадан пайдаланылады.
Адам табиғатқа қалдықтар мен қоқыстарды көп шығарады, сондықтан табиғи тепе-теңдікті бұзады. Ол қалдықтар табиғатқа сіңбейді, яғни табиғи айналымға түсе алмайды. Бұл заттар қоршаған ортаны ластайды. Қазіргі кезде ең қауіпті ластану – қышқылданған жаңбыр. Көмір, бензин, дизельді жанармай жанғанда су айналымына түсетін қалдықтар пайда болады. Осы жаңбырлардың кесірінен өсімдіктер қурап, судағы тіршілік иелері қырылады және адам денсаулығына қауіп төнеді.