Күн Жерге ерекше әсер етеді. Ол Жер шарымызға жылу мен жарық береді, соның арқасында Жер бетінде тіршілік жойылмайды. Күн Жер шарымызды өзіне тартып, қозғалысқа келтіреді.
Алайда Күннің кері әсері де бар. Күннен кейде от шашырағанда ғарышқа көп мөлшерде Күн энергиясы бөлінеді. Жер бетінде бұл магнит дауылын тудырып, қатты найзағай ойнауына, поляр шұғыласына, адамдардың денсаулығының нашарлауына алып келеді.
Жерге метеориттердің құлауы ғаламшар салмағының аздап артуына әкеледі. Жерге және оның тіршілік иелеріне кіші метеориттер қауіпті емес, ал ірі метеориттер үлкен апаттарға ұшыратуы мүмкін.
Ғаламшарымызға оның ең жақын «көршісі» – Ай ерекше әсер етеді. Біздің серігіміз – өте үлкен нысан. Оның гравитациясы су деңгейінің көтерілуі мен қайтуын туғызып, Жер шарымыздың пішінін аздап өзгертеді.
Айда мұндай кратерлердің саны жетерлік. Айға құлаған метеорит Жерге түспейді, яғни Ай – ғаламшарымыздың қорғаушысы.