Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда Сиракуз қаласынан шыққан ежелгі грек ойшылы, өнертапқыш ғалымы, инженер Архимед ІІ Гиорон патшасына қызмет еткен.
Бір күні зергерлер патшаға алтыннан тәж жасайды. Сенімсіздік білдірген патша Архимедті шақырып алып, алтын тәждің құрамында күміс бар-жоғын тексеруді тапсырады. Ол заманда мұндай мәселемен ешкім айналыспайтын еді. Архимед ұзақ ойланады, еш нәрсе ойлап таба алмайды. Бір күні ол моншаға барады. Ғалым су құйылған ваннаға отырғанда ғана бұл сұрақтың жауабын табады. Архимед ваннадағы судың толқып төгілгеніне назар аударған: дене суға батқанда, өз салмағымен бірдей көлемде суды сыртқа ығыстырады. Архимед «Эврика!» деп айғай салып, моншадан атып шығады («Эврика!» – «таптым» деген сөз).