Сиырға оны сыйлады,
Құп көрді ол шынынан.
Ешкі әкелді –
Шәлісін,
Өзі тоқып түбіттен.
Сиыр білер мәнісін,
Нағыз тарту бұл тіптен.
Түйе әкелді –
Жүн шекпен
Өте қымбат бұйымды,
«Жомарттық, – деп, –
бұл неткен»,
Қуантты ол Сиырды.
Сиырға өстіп беретін,
Сый жасады тосылмай.
Қолдарынан келетін,
Тартулары осындай.
Құттықтауға Сиырды
Қалыс қалған болмады,
Бәрі түгел жиылды,
Туған күнді тойлады…