2. Мәтінде аталған мамандықтарды қазіргі сұранысқа сай ретімен атап, осы мамандықтар туралы сұрақтар дайында және жауап бер.
3. Түсініп оқы.
Болашақтың мамандықтары
Болашақтың еншісіндегі бір мамандық – ғарыш жолының инженері. Ол Жерге жақын көлік жүйесі мен көлік тасқыны дәлізіне қызмет көрсететін болады. Мәселен, орбитаға арналған рейстер мен құрлықаралық тасымалды баллистикалық зымырандардың траекториясы арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ баланың болашақтағы мінез-құлқын, яғни келешек кейпін жоспарлай-
тын сарапшылардың қызметі қызады деген болжам бар. Әлбетте, келешектегі ең қажетті мамандар ІТ саласы мен робот техникасының білгірлері болмақ. Себебі, технологиямен жұмыс барлық саланың қызметіне әсер етеді. Айталық, дәрігерлер болғанымен, емдеу сипаты өзгереді, фермерлер жұмысын жалғастырғанымен, өсімдікті өсіру технологиясына өзгерістер енеді. Мәселен, сити-фермер қала ішінде, зәулім ғимараттар төбесінде отырып-ақ агрокешенді шаруашылықтарды дамытуы ықтимал. Қоқысты қайта өңдеу, биореактор қуатын арттыру жобалары жүзеге асырылады. Сәулетшілерге байланысты құрылыс технологиялары да түбегейлі өзгереді. Яғни болашақта адамдар осы қызметтің баршасын роботтарға жүктейді.