МАМАНДЫҚ ТҮРЛЕРІ БЕЙНЕЛЕНГЕН НАТЮРМОРТТАР

1. Натюрморт дегеніміз не екенін есіңе түсір.
2. Суретшілерді бұл жанр несімен қызықтырады?

  Суретшілер натюрморт жанрында жанды және жансыз табиғат нысандарын жиі бейнелейді. Олар кейбір натюрморттарда заттар мен материалдардың әсемдігіне, оның неден жасал ғанына ерекше көңіл бөледі. Олардың туындыларындағы жібек мата, оның шілтерлері, металл ыдыстың жарқылы, албыраған шабдалы, қып-қызыл шие де нағыз өмірдегі сияқты. Барлық заттар : «Қараңдаршы, біз қандай әдеміміз!» деп тұрғандай. Көрермен бұл әдемілікті қызыға тамашалайды.

1. Мына туындыларға қара. Нені көріп тұрсың?
2. Ондағы адамдардың немен айналысатынын қалай білдің?

В. Хеда. Натюрморт

Ф. ван Дейк. Ірімшік бейнеленген натюрморт

  Енді бір натюрморттарда заттардың өзі иесі туралы хабар береді. Суретшілер мамандықтар туралы тек портрет пен тұрмыстық жанр арқылы ғана емес, натюрмортпен де көрсете алады екен. Адамның қандай маман иесі екенін портреттен гөрі натюрмортпен дәл беруге болады. Өйткені адам кәсібіне қажетті құрал -жабдықтарды қолданады. Егер сен кітап-дәптерлерді, борды көрсең, оның мұғалімге тиесілі екенін білесің. Міне, суретшілер сан алуан мамандық түрлерін көрсету үшін натюрморт салады.
  
Натюрморттың екі түрі бар.
  1. Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда заттар өз сапасын, ерекшелігін көрсетеді.
  2. Екіншісі заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар .

  1. Ата-анаңның мамандығын айту үшін қандай натюрморт құрастырар едің?
  2. Өзіңнің болашақ мамандығың туралы айту үшін натюрмортыңа қандай заттарды жинайсың? Жауабыңды түсіндір.

О. Розанова. Қобдиша

П. Кончаловский. Құрғақ бояулар

У. Гарнетт. Ескіден қалған заттар

  1. Мына натюрморттарға зер салып қара. Олар натюрморттың қай түріне жатады? 
  2. Бұл заттар қандай мамандық иелеріне тиісті болуы мүмкін? 
  3. Бұл натюрморттарға осы мамандық иелеріне қатысты тағы да қандай заттардың суретін қосуға болады?

В. Фаворский. Натюрморт

×
×

Корзина