Мысалы, егер график-суретші ағаштың суретін салса, ол ағаштың пішіні мен сызықтарына көңіл бөледі, ұсақ бөліктерін: қабығын, жіңішке бұтақтарын, жапырағын сала алады. Мұндай суретке қарап, ағаштың түрін анықтау қиын емес.
Кескіндемеші-суретші ағаштың түсі мен оған түскен жарықты зерттеп, бояу түсін таңдайды, жүздеген бояу реңктерін пайдаланып, түс арқылы пішінді, көңіл күйді көрсетеді.
Егер суретші ағаштарды қорғау мақсатындағы плакат
жасаса, онда белгілі бір ағаштың суретін сал у міндет емес. Ол ағаштың сұлбасын салып, артық, елеусіз нәрселерді алып тастап, жеңілдете отыры п, ең басты нәрсені көрсетеді. Суретшілер плакат жасағанда реңсіз түстерді пайдаланады.