Салған суретіңдегі заттар тепе-тең орналаспады делік. Мысалы , ғарыш пейзажында таулар қағаздың жоғары бұрышына салыныпты, ал қағаздың жартысы бірінші суреттегідей бос қалды. Екінші суретте таулар қағаздың төменгі бөлігіне салынып, жоғарыда бос орын көп. Суретіңді жыртуға немесе өшіруге асықпа. Керісінше суретіңді басқа заттармен толықтырып, тепе-теңсіздікті түзетуге болады. Ойыңдағы сурет сәл өзгеруі мүмкін, бірақ жасаған композицияң қызығырақ көрінеді.