Көрмелер 2–3 жылда бір өткізіледі. Әрбір ел өз жетістіктерін көрсете отырып, әлем алдында мәртебесін көтеруге тырысады.Қазақстанның павильоны – «Нұр Әлем» сферасы ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символы іспетті. Бұл – әлемдегі диаметрі 80 метр , биіктігі 100 метр ең үлкен сфералық ғимарат. «Нұр Әлем» көрмеден кейін маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Ол 8 қабатты. Оның әрбір қабатында ерекше экспозиция орналасқан. Олар: «Болашақ Астана», «Ғарыш энергиясы», «Күн энергиясы», «Жел энергиясы», «Биомасса энергиясы», «Кинетикалық энергия», «Су энергиясы» және «Ұлттық павильон». «Нұр Әлемді» болашақтың мұражайы деп айтуға болады. Оны қазір барып та көре аласың.