ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАСИЕТ ТҰНҒАН ҰЛЫ ҰҒЫМ

Ерлан Жүніс

(1984 жылы туған)

   Ерлан Жүніс 1984 жылы қараша айының 7 жұлдызында Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқып жүрген кезінен поэзияға құштар жастың «Жыр-перзент» деген алғашқы жинағы 2001 жылы жарық көрді. Осы жылы республикалық «Абай оқулары» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды. 2002–2007 жылдар аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетінде оқып білім алған. «Қазақ әдебиеті» және республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газеттерінде, «Кентавр» әдеби апталығында қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағында референт-әдеби кеңесші қызметін атқарған.
   2006 жылы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Әдебиет» саласы бойынша Гран-При және Президент Кубогін иеленді. 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», «Егіз кітап» («Twinbook»)», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» атты жыр жинақтары жарық көрді. 2012 жылғы Мемлекеттік стипендияның және «Дарын» жастар сыйлығының иегері.

   1-тапсырма. Ақын Ерлан Жүністің ел, туған жер, Отан туралы тағы қандай өлеңдерін білесіңдер? Басқа да ақындардың тәуелсіздік тақырыбындағы өлеңдерін тауып, салыстырыңдар.

   2-тапсырма. Өлеңнің толық мәтінін хрестоматиядан оқыңдар. Берілген чүзіндіні жаттап алыңдар.

Менің атым – Тәуелсіздік

…Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небәрі алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
…Жылаған жоқпын,
сұраған жоқпын анамнан,
Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,
Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын
Ұл жайлы Күннен жаралған.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы…
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған
Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл, кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бәлкім, менен Сөз күтті!
Ал бүгін, енді,
Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап-жас шақ
Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!
…Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,

Жарық Күн!

!

   Лирика – поэзияның негізгі үш (эпос, лирика, драма) түрінің бірі. Көлемі жөнінен эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам, қат-қабат оқиғалы сюжеті жоқ, одан гөрі отты сезім басымдау, композициясы бас-аяғы жинақы бір алуан ойға құрылады.
   Лириканы идеялық-тақырыптық негізіне сай, мазмұнына қарай топтап, бірнеше салаға бөлу орынды: саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы…
   Лирикалық образ – сыршыл өлең-жырлардағы ақынның бейнесі, оның ішкі бітімі; ақынның мың иірім көңіл күйінен – нәзік сыры мен сылқым сезімінен өріліп жасалған өзгеше кейіпкер.

Зейнолла Қабдолов

   3-тапсырма. Өлеңнің идеясы неде? Не себепті ақын: «Тәуелсіздік – мен, ол – менің асқақ аңызым», – деп өлеңді аяқтайды?

   4-тапсырма. Өлеңдегі лирикалық кейіпкердің тәуелсіздік туралы ойын білдіретін сөздерге назар аударыңдар.

   5-тапсырма. Кестені үлгі бойынша теориялық талдау жасап, дәптерге толтырыңдар.

Өлеңнен үзінді

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден.

Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!

Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,

Жарық Күн!

Теориялық талдау

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден.

Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!

Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,

Жарық Күн!

Менің пікірім

Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден.

Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!

Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған,

Жарық Күн!

   6-тапсырма. Берілген үзіндідегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.

***

Аңыз ұнаған
Жаралған Күннен Ұл жайлы!

***

Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.

   7-тапсырма. Тәуелсіздік ұғымының кластерін дайындаңдар. Ақынның хрестоматияда берілген «Менің жолым» өлеңіндегі негізгі ойдың «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңімен үндесетін тұстарын тауып, талдау жүргiзiңдер.

   8-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындаңдар.

   Уақыт мөлшері: 7 минут.

Лирикалық кейіпкердің өткенді еске алғанын, болашаққа үмітпен қарағанын білдіретін сөздерді тауып, талдаңдар.

   9-тапсырма. Өлеңді басқаша қалай атауға болады?

   10-тапсырма. «Тәуелсіздік тұғыры» деген тақырыпта эссе жазыңдар.


×
×

Корзина