ДИЗАЙН ӨНЕРІ

      Сенің айналаңда әртүрлі заттар бар . Олардың бәрінен суретшінің еңбегін көресің. Суретші заттардың    пішіні мен түсін ойлап табады. Сәйкес материалдарды таңдайды. Заттардың әрқайсысы міндетіне лайық  болуын қалайды. Ол суретшіні дизайншы деп атайды.

  1. Мына заттарға қарап, суретшінің қандай еңбегін көргеніңді айт.                          2. Заттар несімен ұнады (түсі, пішіні, ерекшелігімен)?                                                   Жауабыңды түсіндір.

Есіңе сақта! Суретші-дизайншының жұмысындағы негізгі ережелер –  ӘСЕМДІК, ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ БЕРІКТІК.

  Суретші-дизайншы кез келген затты түрлендіре алады. Қарашы, қағаз бен    кестелі лента тамаша дүниеге айналған. Ішінде не бар екенін білгің-ақ кеп тұрады.

  Дизайншы жай қораптың өзін нағыз өнер туындысына айналдыра алады.

Матрицаларды салатын шағын қорап жаса. Олар саған әлі де керек болады. Кішкене қорап жасап үйренгеннен кейін үлкенірегін жаса. Сенің сыныбыңда әдемі қораптарға салып қоюға болатын түрлі заттар бар . Заттарды қораптарға салсаң, олар реттеліп тұрады, сондай-ақ сыныбыңның сәні кіреді.

×
×

Корзина