Графика дегеніміз не?

     Суретшілер басты әсерлегіш құралдары сызық, пішін, ақ және қара түстері болатын туындыларды көп бейнелейді. Мұндай туындылар графика деп аталады.

А. Дейнека . Шаңғышылар

     Графика туындыларын салатын суретшіні график-суретші деп атайды. Сенде графикалық жұмыс орындап көр. Ақ, сұр және қара түстердің үйлесіміне, сызық пен пішіннің әсерлілігіне назар аудар .                                       Сен көріп тұрған бейнелер сұлба деп аталады. Сұлба – адамның не заттың өз көлеңкесіне ұқсас етіп, жазықтықта бір түспен салынған бейнесі. Бейне сұлбасы – заттардың барлығы сұлба түрінде бейнеленетін графиканың бір түрі.

     Сұлбада пішіндердің әсерлілігіне баса назар аударылады. Бұл түсінікті де, өйткені онда ұсақ бөлшектер, алуан түстер болмайды. Сондай-ақ сызықтар өте сирек қолданылады. Сондықтан суретшінің бар назары пішінге аударылады.

Е. Кругликова. Көрмеде

                         Е. Бем. Сұлбалар

Мына сұлбалар туралы не айтасың? Адам қалыптарының әсерлілігіне назар аудар .

 №2 жұмыс дәптерінің 4-бетіндегі тапсырманы орында.

    Графика туындыларындағы ұлттық ойын түрлері

     Елімізде халқын шексіз сүйетін және халық дәстүрін терең білетін тамаша суретші өмір сүрді. Ол – Евгений Сидоркин. Суретші қазақ халқының тарихы мен дәстүріне арналған көптеген графика туындыларын жасаған. Суретшінің назарынан ұлттық ойындарда тыс қалмаған. Оның графикалық жұмыстарыда «Қазақ ұлттық ойындары » деп аталады.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. График-суретші қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланады?

   Суретші қандай ұлттық ойындар мен кәсіп түрін бейнелегенін тап.

 1. Суретшінің жұмыстарына зейін қойып қара . Қозғалысты қалай бергеніне назар аудар .                                                                                                                       2. Суретші пішім мен бейнені қалай байланыстырған? Суретшінің шешімін талда.

×
×

Корзина