Бір дақтың өзінде әртүрлі бейнелер «жасырынып» жатуы мүмкін.
1. Түсті таңба жаса. 2. Оны түрліше аудар . 3. Бір таңбаның өзінен неғұрлым көп бейне көруге тырыс. 4. Үлкендерден таңбаны түрлі түсті көшірмемен көбейтіп беруін сұра . 5. Таңбадан байқағаныңды жалғастырып сал . Таңбаны суретке түсір де, күңгірт қағазға шығарып ал . Одан соң ұсақ бөлшектермен толықтыр .