ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТАҒЫЛЫМЫ

1. «Тарихта аты қалған тұлға» деп кімді айтады?
2. «Еліңе еңбек ет» дегенді қалай түсінесің?

1-тапсырма. Мәтінді тыңда.

2-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі негізгі ойды анықта. Мысалдармен дәлелдеп айтып бер.

3-тапсырма. Суреттегі тарихи тұлғалар туралы әңгімеле. Мәлімет жинап, мәтін құра. Жетекші сұрақтар арқылы мәтіннің құрылымына назар аудар.

4-тапсырма. Әр тұлғаны өзі өмір сүрген замандағы ең маңызды тарихи оқиғамен байланыстырып, сипаттап жаз. Өмірбаянды дерекке орай ретімен орналастыр. Сөйлемдеріңде көнерген сөздер болса, астын сыз. Оларды түсіндір.

5-тапсырма. Мәтінді оқы.

   Иә, атам шексіз бай адам! Өзінің алып жүрегімен, қара қылды қақ жарған шыншылдығымен, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып сақталатын інжу-меруерт сөздерімен, қайталанбас қайшылықты өмірімен бай болатын. Атамның әділет пен шындық жолындағы шайқасы әлі де жалғаса береді, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді. Мансапқорлық, екіжүзділік, тоғышар көлгірліктерге қарсы ұстанар әділеттің алмас қылышы болып таныла береді.
   Атам суреттті жақсы салатын, өзінің автопортретінің бірнеше түрі бар, бәрі тамаша шыққан. Әр дәптерінің бетінен сурет кездестірмей қоймайсыз. Оны былай қойғанда эскиз, сюжетті суреттері де біршама, маман суретшілердің өздері көңіл бөлуге тұрарлық дүниелер.
   Атамның ана тілі, домбыра жайында мынадай айтқаны бар: «Өзге тілді білу сенің артықшылығың, ана тілін білу – міндетің. Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей біліңдер».
   Атам өзгенің бойындағы жақсы қасиеттерді көре білетін, соны өзінің жетістігінен артық бағалайтын. Атам Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында ерліктің отты тұлпарымен даңқтың шыңына шықты. Кейін қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда, халық қорына қосылатын әдеби шығармаларымен өз биігіне тағы көтерілді.
   Қазір арамызда атам жоқ, бірақ «артында баласы қалса, көзі қалады де, сөзі қалса, өзі қалады де» дегендей, атамның өзі де, сөзі де арамызда. Сондықтан болар әкеміздің бар кезіндегідей үйімізден кісі үзілмейді. Ырым әлі жалғасып жатыр.

(З. Ахметова. «Шуақты күндер» кітабынан)

6-тапсырма. Абай Құнанбайұлының өмірбаянын жаз. Деректі мәліметтерді энциклопедия, бұқаралық ақпарат құралдарынан іздестір.

7-тапсырма. Тарихи тұлғалар туралы көрген кинофильм, драмалық қойылым немесе әдеби шығармадан алған әсеріңді баяндап жаз.

8-тапсырма. Тарихи тұлғамен кездесуің жайлы қиялыңды ой елегінен өткізе, отырып кестені толтыр.

9-тапсырма. Абайдың сегізінші қарасөзін оқы. Ондағы көнерген сөздерді тауып жаз. Мағынасына қарай тарихи сөздер мен архаизмдерге ажыратып, түсіндір.

   Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу – болыс, біреу – би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? – деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.
   Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – еш нәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, Құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, Құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны – бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ – солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді. Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды.
   Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» – дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

10-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтыр.

11-тапсырма. Төмендегі белгілермен тыңдалым, оқылым мәтініндегі әр абзацты немесе сөйлемді белгіле. Өз ойыңды қорытындылап жаз.

×
×

Корзина