«Спорт кумирлері» деген сөзді қалай түсінесің? Балуан Қажымұқан, боксшы Серік Сәпиев, шаңғышы Владимир Смирнов, суға жүзгіш Дмитрий Баландин жанкүйерлеріне неліктен қымбат деп ойлайсың? Сенің спорттағы кумирлерің бар ма? Не себепті оларды құрметтейсің?
1-тапсырма.Мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер.
• Өлең кімге арналған деп ойлайсың? • Автордың «Алғашқым!», «Алтыным!», «Біріншім!», «Тұңғышым!» деген сөздерді қолдануының себебі неде? • Өлең жолдарын қарасөзге айналдырып, мазмұнын айт.
2-тапсырма.Қойылған сұрақтарға жауап беріп, етістік түрлерін қатыстыра отырып, жұп-жұппен диалог құрыңдар.
1. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған және дамуда? 2. Спорттың қандай түрімен айналысқыларың келеді? Неліктен? 3. Спортпен шұғылданған адамда қандай қасиеттер қалыптасады? 4. «Спорт – денсаулық кепілі» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? 5. Спортшылардың жеңімпаз болуына қандай жағдайлар әсер етеді?
3-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жазып, ортақ етіс жұрнақтарын тап. Егер ортақ етіс жұрнағы жалғанбаса, сөйлемдердің мағынасы қалай өзгеретінін жұбыңа дәлелде.
1. Енді өзге жердегі жұмысшылар мен мәшине-саймандарды, мүліктерді жинауға кірістік (С. Мұқанов). 2. Менің қысылғанымды байқамаған болып, басқа жолдастармен әңгімелесіп кетеді (Ғ. Мүсірепов). 3. Ойындарын қоя салып, бәрі жапырлап Мұхитқа қарай жүгірісті (Ғ. Сланов). 4. Қолына мылтық алып соғысты (Т. Ахтанов). 5. Жарқын ағай бұдан кейін де ұзақ әңгімелесті (Ғ. Сланов). 8. Оны үстелге қоя салып, көптен көрмегендей құшақтасып, сүйісе амандасты (Ғ. Мүсірепов).
4-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап бер және «велошабандоз» сөзінің жасалу жолын жұбыңмен талда.
Александр Николаевич Винокуров 1973 жылдың 16 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл кеңшарында дүниеге келген. Бала кезінде велоспортқа ерекше ықыласты болған Александр 10 жасында осы ұмтылысы өмір бойғы таңдауы екенін анық түсінді. Кішкентай кезінде біршама әлжуаз болғанымен, оның бойындағы күш-жігері, қайсар мінезі бірден байқалып тұратын. Винокуров француз, неміс әріптестерімен бірге «Вуельта», «Тур де Франс», «Джиро д’Италия» веложарыстарында жеңіске жетіп, есімі бүкіл әлемге танымал велошабандоз атанды.
Александр 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында күміс, ал 2012 жылғы Лондон олимпиадасында алтын медальға ие болып, Қазақстанның даңқын шығарды. Ол 2012 жылдан бері «Астана» велокомандасын басқарып, көптеген ірі жеңістерге қол жеткізді. А. Н. Винокуров – Қазақстан тарихындағы ең әйгілі велошабандоз.
(А. Винокуров. «Менің алтын мансабым» кітабынан)
• Александр Николаевич Винокуровтың танымал велошабандоз болуына не әсер етті деп ойлайсың? • Спортшы туралы тағы не білесің?
5-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасыңдар.
1. Күнделікті өмірде сендер велосипедті қолданасыңдар ма? Қандай жолмен жүресіңдер? 2. Велосипедті жүргізудің адам денсаулығына қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар? 3. Алматы қаласында велосипедке арналған жолдар бар екенін білесіңдер ме? Бұл жолдар не себепті жасалған? 4. Велоспорттың өркендеп дамуы үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
6-тапсырма.Оқылым мәтініндегі мәліметтерді және қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпте басты кейіпкердің өмірбаянын жаз. Өмірбаянда төмендегідей ақпараттарды көрсет:
✓ Аты-жөні, туған жылы, күні, айы және туған жері, ұлты, отбасы жағдайы туралы мәлімет. ✓ Білімі, бітірген оқу орындары, қызметі мен жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер.
7-тапсырма. Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.
Денсаулық – зор байлық.
***
Спорт – сенің серігің.
***
Дені саудың – жаны сау.
***
Шынықсаң шымыр боласың.
8-тапсырма.«Спорт түрлерін дамыту үшін не қажет?» тақырыбында пікір алмасыңдар. Төмендегі сөйлемдерді пайдаланыңдар.
– Спорт секцияларын ұйымдастыру (баскетбол, волейбол, футбол т.б.). – Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау (аударыспақ, тоғыз-құмалақ, батпан көтеру). – Спорт мектептерін салу. Табиғи нысандарды тиімді пайдалану.
9-тапсырма. Етістерді түрлеріне қарай топтастырып, жұбыңмен бірге кестені толтыр.