2.3. Векторлық суреттерді құру

• Векторлық суреттерді жасауды және өңдеуді.

Тірек сөздер Вектор Векторлық бейнелер Кенеп мөлшері Вектор Векторные изображения Размер холста Vector Vector images Canvas size

Растрлық графикадан бөлек векторлық графика бар. Векторлық графикада бейнелер қарапайым геометриялық кескіндерден құрастырылады.
Геометриялық кескіндер ретінде нүктелер, түзу сызықтар, эллипстер, бұрыштар, сонымен бірге қисық сызықтар таңдалады. Векторлық графиканың элементтері графикалық примитивтер деп аталады. 
Арнайы программалық жасақтамалар арқылы суреттер салу процесі мен графикалық файлда сақталған графикалық примитивтерді сипаттау бір уақытта жүргізіледі. 
Векторлық графиканың қасиеттері: 

– сапасын жоғалтпай векторлық графикалық бейнелерді үлкейтіп, кішірейтуге болады; 

– векторлық типтегі графикалық файлдардың өлшемдері салыстырмалы түрде үлкен емес (мың примитивтен тұратын суреттер диск жадының аз көлемін қамтиды). Векторлық графиканы редакциялау үшін Inkscape тегін программасын қолданамыз. Редактордың көмегімен кез келген күрделі векторлық бейнелерді құрып, редакциялауға болады. Inkscape графикалық редакторының интерфейсі лого, плакаттар, веб-графикалар, сызбалар мен кескіндерді құруға негізделген құралдар жиынтығынан тұрады 

http://Inkscape.ru.uptodown.сom/windows/download сілтемесі арқылы Inkscape векторлық графикалық программасын тегін орнатыңдар. Программа интерфейсімен танысыңдар.

Inkscape векторлық графикалық редакторының терезесі 2.3.1-суретте көрсетілген.

2.3.1-сурет. Inkscape векторлық графикалық редакторының терезесі

Терезенің сол жақ бөлігіндегі белгі Inkscape редакторының суреттерді салу мен редакциялауға арналған құралдары болып табылады. Терезенің жоғарғы бөлігінде Құралдар тақтасы (Панель инструментов), яғни әрбір құралдың өзіндік параметрлері бар тақта орналасқан. Оң жағында негізгі командалардың батырмалары көрсетілген Командалар тақтасы (Панель команд) орналасқан. Жұмыс істеу барысында Қалып-күй жолы (Строка состояния) (терезенің төменгі бөлігінде) пайдалы кеңестерді көрсетеді. Inkscape программасында көптеген әрекеттер пернетақтадан беріледі.

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында бірге орындайық. Қағаз форматына сәйкес жұмыс парағының өлшемін орнатыңдар және парақ бағдарын таңдаңдар.

Әрекеттерді орындау алгоритмі:

1. Менюден Файл – Құжаттар қасиеті (Свойства документа) (Shift+Ctrl+D) таңдаңдар.

2. Формат менюінен Кенеп өлшемі (Размер холста) таңдаңдар, мысалы, А4 немесе Letter (2.3.2-сурет). Қажет болған жағдайда өлшем бірліктерін қоя отырып, парақтың ені мен биіктігін көрсетіп, басқа өлшемдер беруге болады. 

3. Кенеп бағдарын таңдау: портрет немесе альбом (үнсіз келісім бойынша портреттік бағдар).

2.3.2-сурет. Құжаттар қасиеті

Жаңа файлды құру үшін келесі әрекетті орындаймыз: Файл – Құру (Создать) (Ctrl + N). Құрылған файлды сақтау үшін Файл – Сақтау… (Сохранить…) (Ctrl + S) командасын орындай отырып, файлдың атауын енгіземіз. Inkscape редакторында ыңғайлы жұмыс істеу үшін масштабты өзгертеміз 

(2.3.3-сурет). Ол үшін келесі команданы орындаймыз: Үлкейту құралы (Инструмент увеличения) немесе Құжаттың бейнеленуін кішірейту (Уменьшать отображение документа) (F3).

2.3.3-сурет. Масштаб

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орындаңдар. Қылқалам құралы (Инструмент Перо) – Жиектеме салу (Рисовать произвольные контуры) (F6) командалары арқылы сынық сызықтың және түзу сызықтың кез келген бөлігін сызыңдар.

Әрекеттерді орындау алгоритмі

     – Еркін сызық (произвольная линия), еркін таңдалған нүктеге меңзерді орнатыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей басу арқылы жұмыс алаңымен меңзерді жылжытыңдар. Тінтуір батырмасын жіберіңдер; 

– Түзу сызықтың (прямая линия) бастапқы нүктесіне меңзерді орналастырып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар. Соңғы нүктеге меңзерді орналастырыңдар.

Тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар;

 – Сынық сызық (ломанная линия), бастапқыда түзу сызық сызыңдар. Бастапқы сызықтың соңғы нүктесі бойынша тінтуір батырмасын басыңдар, бұл екінші сызықтың бастапқы нүктесі болып табылады. Екінші сызықты сызыңдар.

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орындаңдар. Қылқалам – Түзу сызық және Безье қисығын салу (Shift+F6) командаларын орындап, қисық және түзу сызықтар сызыңдар. Безье қисық сызығы – түзу немесе қисық сызықтарды жалғауға және нүктелерден суреттерді салуға мүмкіндік беретін қисық (келесі параграфта қисық сызықтармен тереңірек танысасыңдар).

Әрекеттерді орындау алгоритмі

Сынық сызық (Ломанная линия), беттің бірнеше нүктесіне тінтуір батырмасын басыңдар. Программада қатарынан қойылған екі нүктенің арасына кесінді өздігінен сызылады. 

Фигуралар (Фигуры), түзу және тегіс түйіндерді тінтуір арқылы шертіп, орын ауыстырған кезде Безье тегіс түйінін құрайды. Фигура екі басқару түйіндерінен тұрады, олар бір сызық бойында жатқанымен, бағыттары әртүрлі.
1. Кез келген нүктеге меңзерді орналастырыңдар. 

2. Тінтуірдің сол жақ батырмасын басыңдар. Меңзерді қажетті нүктеге орналастырыңдар. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, сызықтың бағыттарын және иілуін реттеңдер. Суретті жалғастыру үшін келесі нүктені таңдап, алдыңғы әрекеттерді қайталаңдар.

3. Сурет салуды аяқтау үшін Enter батырмасына басыңдар. Сызық сызу әрекетін болдырмау үшін Esc батырмасына басыңдар. Аяқталмай қалған сызықтың тек соңғы сегментін сызуды болдырмау үшін Backspace батырмасына басу жеткілікті.

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орындаңдар.

Қылқалам (Перо) – Каллиграфиялық қылқаламмен сызу (Рисовать каллиграфическим пером) (Ctrl+F6) командасы арқылы «Векторлық графика» тақырыбы бойынша кез келген сөздерді жазыңдар.

Әрекеттерді орындау алгоритмі

1. Каллиграфиялық қылқаламмен жазу үшін кез келген нүктеге меңзерді әкеліңдер. Тінтуірдің сол жақ батырмасын жібермей баса отырып, жұмыс алаңы бойынша меңзерді жылжытыңдар. Әрбір әріпті жеке объект ретінде салған дұрыс. Бұл редакциялау (өңдеу) үшін тиімді.

2. Геометриялық фигураларды салу үшін кенеп бойынша меңзерді құралдарға сәйкес жаңа фигураға басып сүйреңдер. Таңдалған фигурада басқару түйіндері жаңа таңба түрінде бейнеленеді. Фигураларды редакциялау кезінде осы түйіндерді жылжыту керек.

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында орындаңдар. Тіктөртбұрыш құралы – Тіктөртбұрыштар мен шаршыны салу (F4) командасының көмегімен тіктөртбұрышты сызыңдар.

2.3.4-сурет. Тіктөртбұрыштар: а) кез келген; ә) Ctrl пернесі арқылы; б) Shift пернесі арқылы

Ctrl пернесін басқан кезде, қабырғаларының қатынастары 1:1, 2:1, 3:1 және т.б. тіктөртбұрыш пайда болады. Тіктөртбұрыш нұсқаларының бірі – шаршы. Графикалық редактормен жұмыс істеу кезінде алдымен объектіні бөліп алу қажет. Бөліп алу және трансформациялау құралдары тінтуірдің көмегімен кенептегі объектілерді таңдау, жылжыту мен өлшемдерін өзгерту үшін қолданылады. Бөліп алу мен трансформациялау құралдарын белсендіру үшін Құралдар тақтасында (Панель инструментов) осы құралдарды ерекшелеп, оған шерту керек. Бұл – құралдардың ішінде жоғарыда орналасқан қара бағыттауыш түріндегі бірінші құрал. Құралдар шығу үшін S немесе F1 пернелеріне басыңдар. Осыдан кейін объектіні түрлендіру әрекеттері орындалады, олар: бояу, айналдыру, жылжыту, көшірмесін жасау және т.б.

Тапсырманы Inkscape графикалық редакторында Құралдарды бөліп алу мен объектілерді трансформациялау құралдарының

(F1) көмегімен орындаңдар. Егер объектілерді бөліп алу кезінде Shift батырмасына бассақ, онда қандай процесс жүреді? Бөліп алуды қалай болдырмауға болады?

Shift пернесін басу арқылы тіктөртбұрышты сызу кезінде қандай процесс жүреді?

Білу және түсіну

1. Растрлық сурет неден тұрады? Тірек сөздерді орыс және ағылшын тілдерінде айтыңдар.

2. Векторлық графика қандай объектілерден құралады?

3. Объектілерге қандай атрибуттар меншіктеледі?

4. Векторлық сурет қалай сақталады?

5. Векторлық бейнелерді құру үшін қандай программа қолданы-

лады?

6. Inkscape векторлық графикасын құру үшін программа терезе-

сінің объектілерін атаңдар.

7. Қандай құралдармен жұмыс істеуді үйрендіңдер?

Қолдану. Талдау

8. Эллипс құралының көмегімен дөңгелек, эллипс және доғаларды (F5) салыңдар (2.3.5-сурет). Егер Shift немесе Ctrl пернелерін бассақ, онда эллипс қалай өзгереді? Қай жағдайда дөңгелек пайда болады?

2.3.5-сурет. Дөңгелек, эллипс, доға, сектор

9. Секторды немесе доғаны сызу үшін алдымен эллипсті салыңдар. Одан кейін тінтуірді басу арқылы шеңбер контурындағы түйінді жылжытыңдар. Қай жағдайда Сектор немесе Доға салынатын болады? Ctrl пернесін басқан кезде не пайда болады?

10. Жұлдызшаларды немесе көпбұрыштарды салу құралдарымен эксперимент жасаңдар (2.3.6-сурет).

2.3.6-сурет. Жұлдыздар және көпбұрыштар

Фигуралардың параметрлерін дәл баптау үшін тақтаның жоғарғы бөлігіндегі құралдар параметрін өзгерту керек (2.3.7-сурет).

2.3.7-сурет. Фигураның параметрлері

11. Спиральды салу үшін Спиральды салу құралын таңдаңдар (F9) (2.3.8-сурет).

2.3.8-сурет. Спиральдар

Объектіні бояу құралының түсін өзгерту үшін келесі әрекеттер орындалады:

– объектіні бөліп алыңдар;
– жұмыс алаңының төменгі бөлігіндегі палитрадан тінтуірдің сол жақ батырмасын басу арқылы қажетті түсті таңдаңдар.
12. Компьютер құрылғыларының сыртқы пішінін Inkscape векторлық графикасында салыңдар.
Жұмыс үстелінде бірнеше объект жасаңдар, мысалы, эллипс, тіктөртбұрыш, көпбұрыш және т. б.
1) кез келген объектіні таңдаңдар;
2) көшіру, жылжыту, жою, масштабтау, айналдыру әрекеттерін орындаңдар.
Объектіні алып тастау үшін:
1) объектіні бөліп алыңдар;
2) Delete пернесін басыңдар немесе жанама менюден Алып тастау (Удалить) командасын қолданыңдар. Объектілер тобын алып тастап көріңдер.
Объект бойынша соңғы әрекетті болдырмау үшін Командалар тақтасындағы (Панель команд) пернені басыңдар немесе Түзету
(Правка) – Болдырмау (Отменить) (Ctrl + Z) командасын орындаңдар.
Түрлі амалдарды орындау кезінде объектіні неге бөліп алу қажет екендігіне талдау жасаңдар. 
13. Inkscape графикалық редакторында 2.3.9-суреттегі үлгі бойынша бейне (иллюстрация) құрастырыңдар.

2.3.9-сурет. Алаңдағы қонжық

Әрекеттерді орындау алгоритмі

1) Жаңа құжатты құру үшін келесі әрекет орындалады: Файл – Жаңа (Новый) – Үнсіз келісім бойынша (По умолчанию) не-

месе Ctrl + N.

2) Түр (Вид) – Тор (Сетка) командасын орындаңдар.

3) Құралдарды қолданып, үлгі бойынша суреттерді салыңдар.

4) Редактордың анықтамалық жүйесін қолданып, тапсырманы мына әрекеттер бойынша орындаңдар: бөліп алу (выделение), топтастыру (группировка), бояуды құю (заливка), бұрулар (повороты) (2.3.10-сурет).

2.3.10-сурет. Анықтама

Мысалы, объектілерді топтастыру (2.3.11-сурет) – Shift пернесі арқылы объектіні бөліп алу, болмаса Объект (Объект) – Топтастыру (Сгруппировать) командасын таңдау.

2.3.11-сурет. Объектілерді топтастыру

5) Орындау нәтижелерін Алаңдағы қонжық. svg файлына жазыңдар.

Жинақтау. Бағалау

14. Inkscape графикалық редакторы бойынша алған дағдыларыңды қолдана отырып, «Қазақстанның тарихи ескерткіштері» тақырыбына сурет салыңдар.

1) Альбомдар мен Интернеттің іздеу жүйесін қолданып, «Қазақстанның тарихи ескерткіштері» суретін таңдаңдар (2.3.12-сурет).

 

2.3.12-сурет. Қазақстанның тарихи ескерткіштері

2) Таңдап алынған суретке талдау жасаңдар. Inkscape графикалық редакторының құралдарымен сурет салу үшін салатын сурет геометриялық объектілерден құрастырылуы керек.
3) Құрамдастыру, көшіру, жылжыту және т.б. әдістері туралы білімдерің мен дағдыларыңды қолданыңдар.
4) Inkscape графикалық редакторында объектілерді құрамдастыру әдістерін бағалаңдар: а) біріктіру, в) қиылысу, ә) қосу, г) болдырмау немесе алып тастау. б) бөлу, Құрамдастыру кезінде қандай объект пайда болады? Алынған объектілерді сипаттаңдар.

Объектілерді құрамдастыруға арналған ұсыныстар

А. Объектілерді біріктіру (2.3.13-сурет).

2.3.13-сурет. Объектілерді біріктіру

Ә. Объектілерді қосу (2.3.14-сурет).

2.3.14-сурет. Объектілерді қосу

Б. Объектілерді бөлу (2.3.15-сурет)

2.3.15-сурет. Объектілерді бөлу

В. Объектілердің қиылысуы (2.3.16-сурет).

2.3.16-сурет. Объектілердің қиылысуы

Г. Болдырмау НЕМЕСЕ – объектінің бөліктерін алып тастау.

2.3.17-сурет. Алып тастау

5) «Ескерткіш атауы» атымен файлды сақтаңдар.

Электрондық тапсырмалар

2-тапсырма. Обьектілер топтарын жинақтау әдістерін анықтаңдар

×
×

Корзина