Бүгінгі күні 3D модельді құру дағдысы өзекті дағдылардың бірі болып табылады. 3D модельдеу өндірістік процестің міндетті кезеңіболып табылады, өйткені жобаланған 3D модельдеу модельді егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік береді.
3D модельді әзірлеу кезеңдері
1-кезең. Объектіні сканерлеу.
2-кезең. Қиын жолдардағы қосымша өлшемдер.
3-кезең. 3D программаларда объектілерді реакциялау және құру.
4-кезең. Виртуалды шынайылық технологиясын қолдану арқылы
объектіні визуализациялау.
5-кезең. Анимация – механизмдердің тораптарын немесе басқа да жылжымалы объектілерді қозғалысқа келтіру.
Үшөлшемді кеңістіктегі көлемді объектілерді модельдеу арқылы бейнелерді жасаудағы компьютерлік графиканың бөлімдерінің бірі – үшөлшемді графика (3D графика) болады.
3D графика және 3D модель 3D принтермен бірге ғылым мен техниканың ажырамас бөлігі болып табылады. 3D принтерді пай-
далана отырып, 3D модельдің алма, жалбыз, қарбыз және т.б. дәмі сезілетіндей 3D модель басып шығаруға болады. Үшөлшемді графика арқылы орындалған объектілер шын мәнінде жоқ нәрсені көруге мүмкіндік береді.
3D модельдеуді жасап шығаруға арналған ақылы және тегін компьютерлік программалар бар. Әрбір программаның мықты әрі әлсіз жақтары бар. Қажет модельді жасауларыңа байланысты сәйкес программаны таңдайсыңдар. 3D модельдеу үшін мынадай арнайы компьютерлік программалар қолданылады:
• Autodesk 123D Tinkercad – 3D объектілерін әзірлеу және оларды үшөлшемді басып шығаруға дайындау программасы;
• Google SketchUp – бұл күрделі емес 3D объектілерді (жиһаз, ғимараттар, интерьер заттары) модельдеу үшін зияткерлік программа;
• Figuro геометриялық фигуралардан көлемді объектілерді қалыптастыруға арналған программа;
• Autodesk Meshmixer – 3D басып шығаруға арналған тегін программалыққамтамасыз ету (жасақтама);
• DS MAX 3D модельдеу, көзбен шолу (визуализация) және 3D басып шығаруға арналған программа.• Blender – анимация, ойын, күрделі көлемді объектілерді құру, бейнефайлдарды жобалау және түзетуге арналған тегін программа;
• 3D Viewer – 3D моделін көруге және 3D файлдарды басып шығаруға арналған программа;
• ShareCAD – 3D векторлық және растрлық форматтарды қолдайтын сызбаларды көру үшін тегін онлайн-қызмет.
Аталған 3D программаларының әрқайсысы үшөлшемді графика жасау, суретті өңдеу, суретті басуға немесе дисплейге шығару кезінде өздерінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне ие. Біз ең қарапайым графикалық редактор Paint 3D қолданатын боламыз.
Paint 3D графикалық редакторы үнсіз келісім бойынша Windows 10 операциялық жүйесіне енгізілген. Егер бұл программа компьютерде программалар тізімінде болмаса, онда оны Microsoft қолданбалар дүкенінен тегін жүктеуге болады.