Алматы қаласынан 70 шақырым жерде «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғалардан*, өзектерден* тұрады. «Таңбалы тастың» жан-жағында сайлар, ішінде күнге әбден күйген жалпақ гранит тас* бар. Гранит тасқа таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері* қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген.
«Аңызға айналған жерлер» кітапшасынан
• Қарамен жазылған сөздер мәтін сөйлемдерін байланысты- рып тұрғанына назар аудар. Сол сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтып көр.
• Алғашқы адамдар суреттердің көмегімен сөйлеудің қай түрін жүзеге асырды? Ойыңмен бөліс. Ойыңды «Жазбаша сөйлеу бірден пайда болған жоқ» сөйлемімен баста.