Мәтін

Мәтінге тән белгілерді есімізге түсірейік:

  • Мәтіндегі сөйлемдер мағыналық жағынан өзара байланысты болып келеді.
  • Мәтінде белгілі бір ой болады.
  • Мәтінге ат қоюға болады.

11. Гүл гүлшелерін мәтіннің бұдан басқа да белгілерімен толықтыр.

12. Мәтінді тыңда.

Глобус

        Үшінші «А» сыныбында бір Глобус жылап тұр екен.
        – Сұмдық-ай!..– деді мұғалім шошып. – Кім сені осыншама жәбірлеген*?
        – Шаншаров, – деді де, Глобус қыстыға жылап жіберді. – Ол кеше сабақтың соңында бокс көрсетемін деп мақтанып, менің басымнан төмпештеді.*
       – Әй, Шаншаров-ай… – деп кейіді мұғалім. – Глобуста нең бар еді? Қазір бүкіл дүниежүзі бейбітшілік үшін, Жер-Ананың жүрегіне жара салмау үшін күресіп жатқанын білмегенің бе?
        Орнынан сүйретіле түрегелген Шаншаров ұялғанынан қып-қызыл болып, төмен қарады. Мұғалімнің нені меңзегенін* түсінді.

Нұрғали Оразовтан

Нұрғали Оразовтаны

Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.
Мәтіннен тірек сөздерді тап.
Қарамен жазылған сөйлем туралы өз пікіріңді айт..

Орфографиялық Сөздік

дүниежүзі

13. Мәтінді оқып, бөліктерді дұрыс қалыпқа келтір.

        Зеңгір* аспанда көшіп бара жатқан бұлттар түтінге ұқсайды. Тіпті түтіннен аумайды. Әже немересіне «бұлт» дегенді қалай түсіндірерін білмей, ойланып тұр.
        Айым аспанға қарады. Аспанда шарбы бұлт* көшіп барады.
        – Әже, аспанға кім түтін жіберді?
        – Бұлт қой ол. Түтін емес.
        – Жоқ, түтін. Өзіңіз дұрыстап қараңызшы.
        Үлкен кісі де көк жүзіне* назар салды*.

Әлсейіт Ақпанбетұлы

Зеңгір, шарбы бұлт, түтін сөздерінің мағынасын төмендегі қай дереккөздерден табуға болады?

14. 13-жаттығу мәтініндегі әже мен немересінің диалогін қатесіз көшіріп жаз.

Диалогті өздерің ауызша жалғастырыңдар.

15. Тыңда. Тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжа.

Торғай

  Ерте тұрған Омар атай бақшаны аралап келе жатты. Ол жусанның ығында бүрісіп* отырған бір торғайды көрді. Өзіне әбден жаңбыр өткен. Торғай Омар атайға жасқана* қарады.
  Әрі тоңған, әрі қорыққан кішкене құс қалшылдап* тұр. Омар атай торғайды үйіне әкелді. Алдына ыдысқа салып жем әкеп қойды. Торғай жемді жемеді. Атай оның себебін сезіп, сыртқа шығып кетті. Сәлден кейін терезеден сығаласа, торғай жемді жеп жа- тыр екен. Үсті де кеуіпті…

Нығмет Ғабдуллиннен

Сұрақтарға жауап бер.
1. Бақшаны кім аралап келе жатты?
2. Ол нені көрді?
3. Торғай неліктен Омар атайға жалтақтап қарай берді?
4. Оқиға жылдың қай мезгілінде болған деп ойлайсың? Оны неден байқадың?
Әр сұрақтың жауабы болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құра.

16. Тыйым сөздерді көшіріп жаз.

  Ауыл жанындағы суда жүзіп жүрген құсты атуға болмайды.
  Балапан шығарған құсты атпайды.

Осы тыйым сөздерге байланысты өз ойыңмен бөліс. Дәлелдеуіңде «өйткені», «себебі», «сондықтан» сөздерін пайдалан.

17. Орны ауысып кеткен ертегі бөліктерін қалпына келтір.​

        Қоян

        Су бойында жайылып жатқан қойлар қастарынан зымырап өте шыққан қояннан үркіп, тас-талқан болып қашады…
        Сонда қоян ойланып:
        – Менен де қорқатын хайуанаттар бар екен-ау, – деп көңілі орнына түседі. Кетпей, қайтадан үйшігіне оралады…
        Қоян күндегі әдеті бойынша үйшігіне қашып кіреді. Әркім қуа бергеніне қорланып, ол қатты ыза болады.
        – Мен көрінген нәрседен сескенем*. Бүйтіп әркімнен бір қорқып жүргенше тезірек аулаққа кетіп қалайын деп тұра кеп жөнеледі…

Ертегідегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды тауып жаз.
1. Сақтықта қорлық жоқ.
2. Қорыққанға қос көрінер.
3. Жақсы сөз – жарым ырыс.

Орфографиялық Сөздік

үйшік

18. Өлеңді түсініп оқы. Сұраққа жауап бер.

Қанша сәбіз еді?

Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.

Сұлтан Қалиев

Көжек, өжет сөздерінің мағынасын сөздіктерден тауып оқы.

Орфографиялық Сөздік

көжек

19. Мәтін түрлері туралы біліміңді есіңе түсіріп, сызбаны толықтыр.

Мәтін түрлері

Әңгімелеу 

  Бір нәрсе жайында хабарлайды. Не істейді? Қайтеді? Қайда болыпты? сұрақтарына жауап береді.

Сипаттау

  Адам, табиғат, жануарлар сипатталады. Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.

Пайымдау  

  Оқиға, құбылыстың себептері түсіндіріледі, дәлелденеді. Неліктен? Неге? сұрақтарына жауап береді.

20. Мәтіндерді оқып, өзара салыстыр.

  Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ-тобымен жайылады. Кәрі ақбөкендер қарауылда тұрады. Қауіп төнгенде пысқырып дыбыс шығарады.

  Ақбөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен. Тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау. Көздері мөп-мөлдір.

Мәтін түрін анықта. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысысипаттау мәтіні екенін дәлелде.

21. Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, оны қайта құрастырып жаз.​

  Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын. Екеуі дос еді.
  Морж – сойдақ тісті полярлық мақұлық. Ол шаян бақалшықтарын қазып жеп қоректенеді.
  Бір күні Қалтай біреуін қазық қып қағып, бұзауын арқандады. Сол-ақ екен, әлгі таяқтың көкірегіне нан пісіп* шыға келді. Өйтпегенде ше? Қазық болып, пайдаға жарады ғой.

Балтабай Әділов

Құрастырған мәтініңе ат қой.

22. Мына сөздердің тиістісін қойып өлең құра.​

Тоны қандай

Маған қатты

жылы еді
ұнады
жүреді
шығады

Мұз үстінде

Суға сүңгіп

Көмек Ыбыраев

Мәтін түрін анықта. Қайсысы әңгімелеу мәтіні, қайсысысипаттау мәтіні екенін дәлелде.

23. Сипаттау мәтінінің сызбасына қара.

Сызбаның көмегімен қойды сипаттап жаз. Ол үшін оның ерекше белгілерін санамалап көрсет: мінез-қасиеті (жуас), бойы (аласа), ерекше белгісі (жүні қалың).

24. Тақырып пен суретке қарап, өлеңнің мазмұнын болжа. Сонан соң өлеңді оқы.

           Бүркіт

Бүркіт ірі, қайратты,
Сұлу әрі айбатты.
Көтеріліп тым биік,
Көзбен шолар аймақты.

Бүрген жерін жұлады,
Жүректі әрі қырағы.
Бүркіт – алғыр, текті құс,
Ең мықтысы – қыраны!

Серікбай Оспанов

Оқыған өлеңіңнің сипаттау мәтіні екенін дәлелде.

25. Мәтінді оқып, оны жоғарыдағы мәтін түрімен салыстыр: ұқсастығы мен айырмашылығы
неде? Зат қайсысында нақты, қайсысында бейнелі суреттелген?

  Қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ол – биік армандарға қол созу нышаны. Әлемдік өркениетке ұмтылу, жету ниеті. Аяқтан шалғысы келетіндерді топшысы- мен қағып, ерен қайрат көрсету бейнесі. 

«Елтану әліппесі» кітабынан

Мәтіннің соңғы сөйлемін жаз.

  Зат ғылыми мәтінде нақты, ал көркем мәтінде бейнелі суреттеледі.
  Ғылыми стильдегі сипаттау мәтінін құрауда ол заттың қайда кездесетіні, сыртқы бейнесі (түрі), адамның қалай пайдаланатыны ескеріледі.

26. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Атам томағаламаған бүркітті
Мен томағаламағанда,
Кім томағалайды?

«Ақ сандық, көк сандық» кітабынан

Томағала* сөзінің мағынасын дереккөздерден біліп ал.

27. Мәтінді оқып, не туралы екенін анықта. Ат қой.

  Бұл құстың аты – қызғыш. Ол далалы жерде мекендейді. Қызғыштың мойны қара жасылдау. Ал арқасы жылтыр. Бауыры мен екі бүйірі ақ түсті. Қанаты жалпақ. Тұмсығы түзу әрі қысқа болып келеді.
  Қызғыш жауынқұртпен, ұсақ қоңыздармен қоректенеді, зиянды шыбын-шіркейлерді жеп пайда келтіреді.

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан

Мәтінге жоспар құрып, мазмұндама жаз.

28. Мәтінді оқы.

28. Мәтінді оқы.

  Үкі – жемін түнде аулайтын жыртқыш құс. Оның басы үлкен, көздері бақырайған, қауырсындары жұмсақ. Ол ұшқанда дыбыссыз қанат қағады.

«Қазақстан құстары» кітапшасынан

Оқығандарың сипаттау мәтіні екенін дәлелде. Оған ат қой.
1. Жыртқыш құс. 2. Үкінің түр-түсі. 3. Оның пайдасы.
Осы жоспар арқылы мәтін бөліктерін талда. Қай бөлік жазылмаған?
Соңғы бөлікті құрастырып айт.

29. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Баласын тізіп соңына
Сүңгіп жүріп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім біледі …?

Н. Оразұлы

30. Мәтінді оқы.

        Бір үйрек балапандарымен бірге шұңқырдың жанында жүрген. Үйрек барқылдап, балапандар шыр-шыр етеді.
        Әсел жүгіріп келіп шұңқырға қараса, ішінде бір балапан жатыр. Арқасымен құлапты, қалай бұлқынса да тұра алмады.
        Әсел балапанды шұңқырдан алып шықты. Ол анасы мен балапандарға қарай жүгірді.

«Жыл он екі ай» журналынан

Мәтіннің өзің қалаған бөлігін көшіріп жаз, оған ат қой.
Егер біз осы жаттығу мен 29-жаттығудағы мәтін бойынша мультфильм жасайтын болсақ, қай мәтін мазмұнын бір ғана кадрмен немесе бірнеше кадрмен көрсетер едік?

31. Өлеңді рөлге бөліп оқы.

– Ау, Түйеқұс,
Түйеқұс!
Неге сонша сұстысың?
Түйемісің?
Құспысың?
Түйе болсаң, «құсың не?»
Ал құс болсаң, «түйең не?»
Бұны қалай түсінем?
Бұдан қандай ой түйем?
– Мен айтайын, білмесең:
Құс ішінде түйедей,
Бар бойым да, түр-денем.
Түйе ішінде түймедей,
Ұшқан құстай жүгірем.
Әрі түйе және құс –
Мен боламын Түйеқұс!

 

Ермек Өтетілеуұлы

Өлеңнің пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жаз.
Түйеқұс неге ұша алмайды? Өз пікіріңді білдір.

32. Суреттерге қара, онда не бейнеленген?

Мына сұрақтарға жауап бер:
1. Бала орманнан не тауып алды?
2. Қоянның аяғына не болды?
3. Бала оған қандай қамқорлық жасады?
4. Қоян жазылғаннан кейін оны қайда апарды?
5. Бала қоянға неліктен көмектесті?

Керекті сөздер: бірде, көрді, аяғы сыныпты, әкелді, таңды, емдеді, тамақ берді, жазылды, еркіне жіберді.

Суреттер мен сұрақтар бойынша әңгіме құра және оған ат қой. Керекті сөздерді пайдалан.
Құраған әңгімеңді жаз.
Өзің хайуанаттарға немесе құстарға қамқорлық жасап көрдің бе?

33. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жұмбақты көшіріп жаз. Шешуін тап.

Қалқ…ып ұзын құла…ы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

34. Пайымдау мәтінінің бөліктерін тап: дәлелденетін пікір, дәлелдеу және қорытынды
 пікір. Әр бөліктің арасын байланыстырып тұрған көмекші сөздерді ата.

  Құмырсқаның қыста қарны ашпайды. Өйткені ол жазда таңертеңнен кешке дейін тапқан азығын илеуіне тасып алады. Сондықтан оны еңбекқор жәндік дейді.

35. Мәтінді оқы.

   Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды.
   Балы үшін адамдар бал арасын қолда асырайды.
   Бал арасын «еңбекқор жәндік» деп атайды. Өйткені олар өте кішкентай екеніне қарамастан, үлкен жұмыстар атқарады.

Мәтін не туралы? Оған ат қой.
Бал арасын неліктен «еңбекқор жәндік» деп атайды?
Мәтіннің пайымдау бөлігін көшіріп жаз.

36. Пайымдау мәтінінің бөліктерін (дәлелдеу пікірі, қорытынды) тауып, сызбамен көрсет.

  Адам үстіме мінсе, мен алысын жақын етемін. Адамдар күшімді көреді, сүтімді ішеді. Олар қылымнан арқан еседі. Сондықтан жыл ағасы мен боламын.

Бұл қай кейіпкер?

37. Пайымдау мәтінінің бөліктерін тиісті сөздерді қойып байланыстыр.

  Қоянның көздері шарасынан шығып, бадырайып тұрады. … ол қарсы алдындағыны ғана емес, екі қапталындағыны, сондай-ақ арт жағындағысын да бір мезгілде көре алады.

×
×

Корзина