Айтыс
Сиыр, ат, ит «Қожамыз қайсымызды жақсы көреді?» деп айтысады.
– Әрине, мені жақсы көреді, – деді ат. – Мен оның отынын, шөбін тасимын, қожаның өзі мініп, керек жерлеріне барады.
– Сөз жоқ, қожа мені жақсы көреді, – деді сиыр. – Мен оның бала-шағасын сүтіммен асыраймын.
– Жоқ, мені жақсы көреді, – деп ырылдады ит. – Мен оның барлық мүлкін және сендерді де күзетемін.
Бұлардың сөзін естіген қожасы:
– Босқа таласпаңдар, сендердің бәрің де маған керексіңдер, – деді.
Спандияр Көбеевтен
• Айтысқа қандай жануарлар қатысты?
а) қой, сиыр, ит;
ә) сиыр, ат, ит;
б) ешкі, қой, ат.
• Жануарлар не туралы айтысты?
• Қожасының айтқанына келісесің бе?
• Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге назар аудар.