Ц дыбысы

39. Мәтінді оқы.

  Цирк – өнердің өте ертеден келе жатқан түрі.
  Цирктің көшпелі және тұрақты түрлері болады. Үнемі көшіп жүретін цирк көшпелі цирк деп аталады.
  Алматыда бір тұрақты цирк бар. Онда акробаттар мен шабандоздар, күлкілі клоундар өнер көрсетеді.

Мәтін не туралы?
Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған?
Клоундар неге күлкілі болады деп ойлайсың?
Циркке барғанды ұнатасың ба? Неліктен?
«Акробаттар», «Шабандоздар», «Клоундар» тақырыбы бойынша олардың цирктегі атқаратын қызметтерін топта талқылаңдар.
Ц дыбысы бар сөзді тап. Оның айтылуына назар аудар.
Ц және с дыбыстарын өзара салыстыр.

40. «Цирк қызықтары» тақырыбында өзің көрген оқиға туралы жаз.

41. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Анасы балаларын …иркке апарды. 2. Үй салуға …емент өте қажет. 3. Биыл әр гектардан ондаған …ентнер күріш жиналды. 4. Ол мото…икл жүргізуді үйренді.

Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жаса.

  Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі: цех, цемент.

42. Сөзжұмбақты шеш.

1. Ата Заң.
2. Өлшем бірлігі.
3. Сахнадағы ән, би кеші.
4. Санның таңбасы.
5. Көлік түрі.
6. Оқу құралы.
7. Ойын көрсетілетін орын.

Сөздерді қатесіз жазып, жазылуын есте сақта.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

×
×

Корзина