Уақыт есебі
Бір сабақта мұғалім:
– Міне, қазір көктем. Күн ұзарып, түн қысқарып келеді. Енді бір айдан соң, яғни жаз кезінде күн бір сағатқа ұзарады, – дейді.
Бір ай өтеді. Сабақта жыл мезгілдері туралы әңгіме болады. Мұғалім осы сыныпта оқитын Қожанасырды тақтаға шақырып:
– Ал, Қожанасыр, сен айтшы, бір тәулікте қанша сағат бар? – деп сұрайды.
– Басқа мезгілдерде жиырма төрт сағат, ал жаз кезінде жиырма бес сағат бар, – депті.
«Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» кітабынан
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Күн ұзарғанда тәуліктегі сағат саны өзгере ме?
• Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?
• Қожанасырдың орнында болсаң, қалай жауап берер едің?
• Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.