Түбірлес сөздер

22. Мәтінді тыңда.

  Мен, Әбілхан Қастеев, 1904 жылы Алматы облысының Жаркент өңіріндегі Шежін ауылында дүниеге келдім.
  Еңбек жолымды 1928 жылы Түрксібте қара жұмыстан бастадым.
  Николай Хлудовтың студиясында 1929–1932 жылдары оқыдым.
  1944 жылы Қазақстанның халық суретшісі атағын алдым. 1945–1956 жылдары Қазақстан Суретшілер одағын басқардым. Өнерден бөлек оқытушылық және қоғамдық жұмыстармен де айналыстым.

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
Осы мәтінді «Ұтымды жауап» мәтінімен салыстыр. Мәтіндердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
Досыңнан сұрап алып, оның өмірбаянын айтып бер.
Мына кесте бойынша әңгімеле.
Сурет – суретші, мал – малшы сөздерін өзара салыстыр. Олардың түбіріне назар аудар.

Орфографиялық Сөздік

Түрксіб

  Бір түбірден тараған сөздерді түбірлес сөздер деп атайды: біл – білім – білімді – білгіш; өнер – өнерлі – өнерпаз.

23. Жас атауларын өсу ретіне қарай жүйелеп жаз.

  Нәресте, сәби, бөбек, балақай, бүлдіршін, бала.

Түбірлес сөздерді тап.

Орфографиялық Сөздік

бүлдіршін

24. Жаңылтпашты жатқа жаз.

Шежіреші* кісі шежіре* айтты,
Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

Ескен Елубай

• Түбірлес сөздерді тап, олардың мағынасын түсіндірме сөздіктен оқып ал.

25. Суретке қара. Түбірлес сөздерді оқы.

оқу
оқушы
оқулық
оқуға

Қай сөз түбірлес сөздер тобына жатпайды? Неліктен, себебін дәлелде.

26. Мәтінді оқы.

  Ертеде ағашты тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық*,
кәделік* ағаш деп екі топқа бөлген. Шеберлер ағаштан әртүрлі бұйымдар жасап, кәдеге жаратқан.
  Ағашты кескен кезде сүрегіндегі* шеңберлердің санына қарап жасын анықтайды. Олар жасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: балғын*, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар. Балғын, жас ағаштарды кесуге қазақтар «көктей соласың»* деп тыйым салады. Кәрі, қураған ағаштар ғана кесіледі. Мұндай ағаштар отынға пайдаланылады.

Ғаламтордан

Сұрақтарға жауап бер:
1. Неліктен ағаштар отындық, кәделік болып бөлінеді?
2. Ағаштың жасына қарай қандай түрлері бар?
3. Жас ағашты неге кесуге болмайды?
4. «Көктей соласың» деп неліктен айтады? Себебін
топта талқыла.
Мәтіннен түбірлес сөздерді тап.
Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап біліп ал.

 

Орфографиялық Сөздік

сүрегі
тыйым

27. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап жаз.

28. Ойлан, тап. Суреттегі адамдардың жасына қай ағаш түбірі сәйкес келеді?

29. Сұрақтарға жауап жаз.

1. Күн мен түн теңелетін кез?
2. Ең ұзақ күн қашан болады?
3. Ең ұзақ түн қашан болады?
4. 365 күн неше жылға тең?

×
×

Корзина